1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы түсінігі, мәні және міндеттерін сипаттаңыз.
Əлеуметтік камсыздандыру құқығы - адамның негізгі əлеуметтік-экономикалык кұқықтарының бірі. Əлеуметтік қамсыздандыру кұқығы Қазакстан Республикасы Конституциясының 28-бабында бекітілген, бұл бапқа сəйкес: «Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда жəне өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, əлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. əлеуметтік қамсыздандыру - бұл материалдық игіліктерді еңбектің қатысуынсыз бөлудің нысаны. Əлеуметтік қамсыздандыруда материалдык игіліктер коғамның еңбекке жарамсыз мүшелеріне мемлекеттің жəне арнайы корлардың есебінен əлеуметтік нормаларда белгіленген кездерде жəне жағдайларда бөлінеді. Соған коса, əлеуметтік камсыздандыруды мемлекет əлеуметтік мəнге ие деп таныған жағдайлардың туындауы салдарынан тіршілік етудің кайнар көзі ретіндегі жоғалған жалақыны өтеуге багытталған, мемлекет калыптастыратын кұкыктық, əкономикалык жəне ұйымдастырушылык шаралардың жүйесі ретінде де аныктауға болады.
2. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқығы пәнін сипаттаңыз.
Əлеуметтік қамсыздандыру құқығының пəні болып азаматтарды зейнетақылармен, жəрдемақылармен, өтемақылармен қамтамасыз етумен, сонымен қатар процедуралық жəне кұкық қорғаушылык сипаттағы қызметтер көрсетумен байланысты қоғамдык қатынастар табылыады. Олар мыналарды қамтиды:
• азаматтарды зейнетақылармен, жəрдемақылармен жəне өтемақылармен қамтамасыз етумен байланысты қоғамдык қатынастарды;
• заттай нысанда көмек көрсетумен байланысты қоғамдык қатынастар, яғни тегін немесе жеңілдікті бағамен берілетін нақты тауарлармен, қызметтермен қамтамасыз ету;
• процедуралық жəне құқық қорғаушылык сипаттағы қоғамдык қатынастар.
3. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларын сипаттаңыз.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының келесі қағидаларын атауға болады:
1.Әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға ортақтығы және қол жететіндігі;
2.Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің жан-жақтылығы және көптүрлілігі;
3.Әлеуметтік қамсыздандыру елдің қалыптасқан экономика деңгейіне сәйкес мөлшерде беріледі;
4.Әлеуметтік қамсыздандыру осы үшін арналған қаражат есебінен жүзеге асырылады;
Әлеуметтіқ қамыздандырудың қол жетедіндік қағидасы әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген түрлерін тағайындау, беру және төлеу тәртібін бекітетін нормалардан көрініс табады. Әлеуметтік қамсыздандырудың бүкіл жүйесі адамға — әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түрін алушыға мейілінше жақындау үшін құрылған. Әдетте, қамсыздандыру тұлғаның жұмыс, оқу, қызмет орны немесе тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |