реформа бойынша қазақтардың әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызметінің шектелуі.
Реформа бойынша сот және салық жүйесіндегі өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы патша
үкіметінің әкімшілік-территориялық реформаларының енгізілуіне
байланысты туған ұлт-
азаттық көтерілістер (1870-1873 жж.). 1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі
Ереже», 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі
Ереже». Аталған облыстар құрамына енген уездер. Дала генерал-губернаторлығының құрылуы.
ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ жерінің территориялық-әкімшілік құрылымы. 1886 және 1891
жылғы Ережелерге байланысты барлық буындағы отаршыл-әкімшілік жүйенің одан әрі жетіле
түсуі. Көшпелі және отырықшы тұрмыстағы халыққа
белгіленген алым-салық пен
міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жалпы империялық сот позициясының нығая түсуі.
Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1891 жылғы Дала Ережесінің жер мәселесіне
байланысты отаршыл сипаты. Сібір темір жолы Ерекше комитетінің аграрлық саясатын
жүргізудегі ролі. Ф.Щербина экспедициясының қызметі. Қоныс аудару қозғалысы.
Қоныстанушылар. Қоныстанушылар орналасқан аудандар. Переселен деревнялары.
Өкімет
орындарының оларды орналастырудағы саясаты. ХІХ ғ. 2-ші жартысында Қазақстанға орыс
шаруаларын жаппай қоныс аудару және оларға жасалған жеңілдіктер. ХІХ ғасырдың ІІ
жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке. ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында
Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрі. ХХ
ғасыр басында
Қазақстандағы қоныстандыру қоры жұмысының негізгі бағыттары.
Ресей әскерінің Іле аймағына кіргізілуі және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды
қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғау. 1881 ж. Санкт-Петербор келісімі. 1881-1884
жж. Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуінің жүзеге
асырылуы. 1883 жылдан бастап Жетісуда қоныс аударушыларға берілген жеңілдік. Қоныс
аударудың экологиялық зардаптары. Қоныс аудару қозғалысының
әлеуметтік-экономикалық
және саяси нәтижесі. Жергілікті халық пен қоныстанушылардың арасалмағы. Қазақтардың
белгілі бір бөлігінің отырықшы тұрмысқа өте бастауы. Қазақ ауылына нарықтық қатынастың
енуі. Мал құрамындағы өзгерістер. Қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелудің күшеюі.
Достарыңызбен бөлісу: