1 Әмзебек әділет анарғалиұлы оразкелдиев нұРҒазы сәрсенбекұлы математикалық сауаттылық-1



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата31.01.2024
өлшемі0.69 Mb.
#490390
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1-24 мат сауат



1 
ӘМЗЕБЕК ӘДІЛЕТ АНАРҒАЛИҰЛЫ 
ОРАЗКЕЛДИЕВ НҰРҒАЗЫ СӘРСЕНБЕКҰЛЫ 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ 
САУАТТЫЛЫҚ-1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТАРАЗ – 2017 
 


2 
 
ӘОЖ 373.167.1 
КБЖ 22.1 
Ә56 
 
 
 
Пікір білдіруші: 
 
Шевцов Александр Николаевич – техника ғылымдарының кандидаты, 
доцент. 
Әмзебек Әділет Анарғалиұлы 
Оразкелдиев Нұрғазы Сәрсенбекұлы 
Ә56 Математикалық сауаттылық-1: Оқулығы. – Тараз,
2017. – 414 бет. 
 
 
 
 
ISBN 978-9965-889-83-7 
 
 
Бұл оқулық жоғары оқу орындарына түсушілерге және математикадан 
емтихан тапсырушыларға арналған. Сонымен қатар мектеп оқушыларына, 
студенттерге, мұғалімдерге оқу процессінде көмекші құрал ретінде ұсынылады.
 
 
 
 
 
ӘОЖ 373.167.1 
КБЖ 22.1 
 
 
 
 
 
ISBN 978-9965-889-83-7 

Әмзебек Ә.А., Оразкелдиев Н.С., 2017 


 


3 
АЛҒЫ СӨЗ 
Алға қойған мақсатқа жету үшін міндетті түрде дайындық қажет.
Авраам Линкольн: “Егер талды шабу үшін менің сегіз сағатым болса, мен оның 
алты сағатын балтамды қайрау үшін жұмсар едім” деген екен. Яғни, 
дайындықсыз – үлкен мақсаттарға жете алмаймыз. Талапкер де жіті 
дайындықсыз ҰБТ-дан жоғары нәтиже ала алмайды. 
2017 жылдан бастап ҰБТ жаңа форматқа ауысқанын барлығымыз 
білеміз. ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша талапкер 3 міндетті пәннен тест 
тапсырады: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы. 
Бұл “Математикалық сауаттылық-1” кітабы жаңа форматтағы ҰБТ-ға 
дайындалу үшін әзірленді. Бұл кітапта 3 бөлім бар: сандар бөлімі, айнымалы 
бөлімі, мәселе есептер бөлімі. Әр бөлімнің соңында тек сол өтілген бөлімге 
байланысты тест сұрақтары берілген. Бұл кітаптың басқа кітаптардан 
ерекшелігі: мұнда тек қана математикамен шектелмей оқушыларды әрдайым 
алға ынталандыру мақсатында мотивациялық суреттер, қанатты сөздер, өлең 
жолдары, мақалдар және хикаялар берілген. Бұл кітап жоғары оқу орнына 
түсушілерге өте пайдалы кітап болады деген сенімдеміз!
Біз ақылымыз асып-тасқан данышпан адамдар емеспіз. Бізге әлі көп 
нәрсе үйрену керек, іздену керек. Білгеніміз бір тоғыз, білмегеніміз тоқсан 
тоғыз. Біз жәй ғана халқымызға қолдан келгенше пайдамызды тигізгіміз келетін 
қарапайым жандармыз. Қаншама күндер мен түндер бойы осы кітаптың 
жарыққа шығуы үшін бар ынтамызбен, жігерімізбен еңбектендік. 
Еңбектерімізді бағалайсыздар деген үміттеміз. Осы кітаптың себепшілігімен бір 
жаңа нәрсе үйреніп, оны ҰБТ-да қолданып жоғары нәтижеге жетіп 
жатсаңыздар – біз өз мақсатымызға жеттік деп есептейміз.
Бұл кітап жоғары оқу орындарына түсушілерге, жоғары сынып 
оқушылары мен орта мектеп мұғалімдеріне арналған. Бұл кітап Қазақстанның 
жарқын болашағы үшін әзірленді. Сіздердің алға қойған ізгі мақсаттарыңызға 
жетуге осы кітаптың кішкентай болса да үлесі тиіп жатса, өзімізді бақытты 
сезінеміз. Құрметті талапкер! ҰБТ-дан ең жоғарғы нәтиже алып өзіңіз қалаған 
жоғары оқу орнына түсуіңізге тілектеспіз! Сәттілік тілейміз! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет