1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет79/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Өлекседегіөзгерістер. Кілегей жəне сірі қабықтары ашық-сары түсті, талағы үлкейген, жүрек жəне ішектері қанталаған. Жалбыршағы құрғақ жемге толы. Бауыры қанға толы, бүйректері қызарыңқы. Несебі сары немесе қызыл түсті. Ауырып тұрғанда сойылған қой етінің мал дəрігерлік-санитарлық сарабы ірі қара малдың бабезиозындағыдай.
Диагнозды эпизоотологиялық деректер негізінде (маусымды-лық жəне Rhіpіcephalus bursa кенелерінің қой үстінен табылуы) клиникалық белгілер (қызба, қан аздық, сарғыш тарту жəне гемоглобинурия), өлекседегі өзгерістер (талақтың үлкеюі, жүрек жəне т.б. мүшелердің қанталауы), сондай-ақ ауру қой мен ешкіден алынған қан жұғындысында бабезияларды табу негізінде қойылады.
Жиі жағдайда бабезиоз-пироплазмоз, тейлериоз немесе анаплазмозбен араласып бір уақытта байқалады. Сондай-ақ, бабезиозды лептоспироздан жəне топалаңнан ажырата білу керек. Лептоспироздың клиникалық белгілері (гемогло-бинурия, сары ауру, ішек атониясы) ұқсас болғанмен, онда қызба болмайды. Топалаңда ауру өте жіті болып, əдетте мал тез арада шығынға ұшырайды.
Емі. Ауруы айқын білініп түрған малды бөліп алып, қалған қой мен ешкінің қызуын өлшеп, байқаудан өткізу шарт. Бөлінген ауру қойды қорада немесе шарбақ ішінде ұстау керек. Атония белгілері бар малға іш айдағыш тұздар немесе өсімдік майларының эмульсиясы, əлсірегендеріне жүрек дəрілері беріледі. Мұнан соң ауру малға түгелдей 7 % азидиннің судағы ерітіндісі 0,0035 г/кг немесе 1-2 % диамидин ерітіндісі 0,001-0,002 г/кг мөлшерінде бұлшық етке егіледі. Келесі таңда тағы да дене қызуы өлшенеді. Егер қызбасы 400С-тан жоғары болса, дəрі сол мөлшерінде қайталанып егіледі. Қызба қалпындағыдай малды байқауда қалдырып, 3-4 күн қызбасын өлшегеннен соң отарға қосады. Нақты ауру мен қызбасы бар малдың бəрін жоғарыда көрсетілгендей азидинмен емдейді. Сондай-ақ, 0,0005 г/кг мөлшерінде тері астына немесе бұлшық етке гемоспоридин егуге болады. Бұл топтағы малдың ауру шығуы тоқталғанша кұнделікті қызбасын өлшеп тұру қажет.
Профилактикасы. Қой мен ешкіні тауға айдағанда жолшыбай кене жабыспауын қамтамасыз ету шарт. Алғашқы ауру шыға бастаған соң-ақ, отарды басқа кенесі жоқ жерге айдау немесе кенеге қарсы дəрілеу керек. Егер қой мен ешкі үнемі R.bursa кенелері бар жайылымда жайылса, онда кенеге қарсы күресті мал үстінде жəне жайылымдарда да жүргізу қажет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет