Ауырлық және инертті масса. Масса әр түрлі екі заңда — Ныотонның екінші заңында және бүкіл
әлемдік тартытлыс заңында — қатысады. Бірінші жағдайда ол дененің
инерциялық қасиетін, ал екіншісінде гравитациялық қасиетті, яғни
денелердің бірін-бірі тартатын қабілеттілігін сипаттайды. Осыған
байланысты т іп инерциялы масса мен m g гравитациялық, (тартылыстық)
массаны ажыратуға болмас па екен деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың
жауабын тек тәжірнбе ғана бере алады. Денені еркін түсуін гелиоцентрлік
санақ жүйесінде қарастырайық. Жер бетіне жақын кез келген дене Жердің
тарту күшіне душар болады, ол (46.5) формуласына сәйкес мынаған тең:
Осы күштің әсерінен дене а үдеуіне ие болады, ол үдеу F күшін т іп инерциялы массаға бӛлгенге тең болуға тиіс:
Тәжірибе кӛрсеткендей барлық денелер үшін a үдеуі бірдей болады (g-
нің бірдейлігінен, біздің бұдан бұрын кӛргеніміздей a-нің, бірдейлігі
шығады). Демек,
кӛбейткіші де барлық дене үшін бірдей болады.
Сондықтан m g /m in қатынасы да барлық денелер үшін бірдей болып шығады.
Инерциялы масса мен гравитациялық масса арасындағы айырмашылықтың
білінуі мүмкін басқа тәжірибелердің барлығының да нәтижесі алдыңғыдай
нәтижеге әкеледі.
Тәжірибе фактілерінің жиынтығы барлық денелердің инерциялы массасы мен гравитациялық массасы бір-біріне дәлме-дәл пропорционал екендігін
кӛрсетеді. Бұл — ӛлшеу бірлігін тиісінше таңдап алғанда гравитациялык
масса мен инерциялы масса теңбе-тең болады деген сӛз, сондықтан физикада
тек масса туралы айтылады.
6.2. Тартылыс өрісі. Кернеулік. Потенциал. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы күштің шамасы мен бағытын анықтайды,
бірақ ӛзара әсер қалай жүзеге асырылады деген сұраққа жауап бермейді.
Денелердің гравитациялық ӛзара әсері тартылыс ӛрісінің, яғни
гравитациялық ӛрістің кӛмегімен жүзеге асырылады. Гравитациялық өріс –
массасы бар дененің айналасында пайда болатын материяның ерекше түрі.
Оның басты қасиеті m массасы бар кез келген денеге
⃗ ⃗
күшпен әсер етеді. ⃗ векторы m массаға тәуелді болмайды және
тартылыс ӛрісінің кернеулігі деп аталады.