«алтын», егер Аu золіне қатысты болса ;
•
«күміс» - күміс золі үшін;
•
«темір» - Fe(ОН)
3
золі үшін.
Тірі ағзадағы коллоидты қорғау процесі жоғары молекулалы
қосылыстардың (ақуыздар, полисахаридтер, пектиндер) қорғау əсерімен байқалады.
Жекелеп айтқанда, ақуыздар кедергі жасайды:
•
қан тамырларының қабырғасында холестерин жəне кальций
тұздарының тұнбаға түсуіне жəне жиналуына;
48. Ірі дисперсті жүйелердің жіктелуі жəне жалпы қасиеттері. Аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар. Медицинада қолданылуы. Дөрекі дисперсті жүйелер – бұл бөлшектерінің өлшемі шамамен 10
-7
-10
-4
м
болатын жүйелер.
Фазалардың агрегаттық күйі бойынша дөрекі дисперсті жүйелердің классификациясы: •
аэрозольдер (с/г, қ/г), ұнтақтар (қ/г) – дисперсті ортасы газ
тəріздес болатын жүйелер;
•
суспензиялар (қ/с), эмульсиялар (с/с), көбіктер (г/с) – дисперсті
ортасы сұйық болатын жүйелер.
Коллоидты бөлшектердің өзара əрекеттесуі бойынша дөрекі дисперсті жүйелердің классификациясы: •
бос дисперсті жүйелер;
•
байланысқан дисперсті жүйелер.
Бос дисперсті жүйелер – бұл дисперсті фаза бөлшектері бір-бірімен
байланыспаған жəне емін-еркін қозғала алатын жүйелер (аэрозольдер,
суспензиялар, эмульсиялар).
Байланысқан дисперсті жүйелер – бұл фазаларының біреуі құрылымдық
түрде бекітілген жəне емін-еркін қозғала алмайтын жүйелер (көбіктер) немесе
дисперсті фаза бөлшектері арасында өзара əрекеттесу (байланыстардың түзілуі) орын
алатын жүйелер (пасталар, кремдер).
Аэрозольдер - дисперсті ортасы газ тəріздес болатын дисперсті жүйелер:
•
тұман (дисперсті фаза – сұйықтық);
•
түтін (дисперсті фаза –қатты, конденсацияланған);
•
шаң (дисперсті фаза – қатты, диспергирлеу жолымен алынған);
смог (дисперсті фаза – аралас).