1 «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде



бет4/26
Дата09.09.2024
өлшемі0.96 Mb.
#503497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
киын бала - дипл

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер жасөспірім тұлғасының қалыптасуы мен психологиялық ерекшелігіне әсер ететін психогенетикалық факторлардың бірін алдын-ала анықтап, психокоррекциялық жұмыстар тиімді түрде жүргізілсе, жасөспірім мінез-құлқында кездесетін психологиялық аутқушылық алдын-алуға болар еді.
Жанама болжам:
- егер жасөспірім тұлғасының қалыптасуы әсер ететін тұлғалық мінез-құлықы, нервтік-психикалық қалпы, ортамен қарым-қатынасы мен психогенетикалық факторлары анықталса, онда жасөспірім мінез-құлқында кездесетін психологиялық аутқушылық алдын-алуға болар еді.
-отбасы мүшелерімен дер кезінде диогностикалық және психокоррекциялық жұмыстар тиімді түрде жүргізілсе, онда онда жасөспірім мінез-құлқында кездесетін психологиялық аутқушылық алдын-алу жолдарын анықтауға әсер етуі мүмкін.
Зерттеудің міндеттері:
- жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші психогенетикалық факторларды ғылыми тұрғыдан талдау жасау;
- жасөспірімдердегі мінез-құлық ауытқушылығына әсер етуші әр түрлі әлеусеттік-психологиялық, психогенетикалық факторларды анықтау;
- жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылығының алдын-алу жолдарын қарастыру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Онтогенез үрдісінде өтетін тұлғаның даму заңдылықтары туралы, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу туралы негізгі түрлері және жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ауытқушылыққа әсер ететін психогенетикалық факторларды мектептегі білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметі туралы зерттеу құрады. жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылығын зерттеуге байланысты жүргізілген тәжірибелері мол психолог ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Зерттеу негізінен К. Леонгардтың «Акцентуациялық мінез» туралы тұжырымдамасының ұстанымдарынан психологиялық қызметтің үлгісі, құрылымы мен түрі жүргізіледі.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу негізінен К. Леонгардтың «Акцентуациялық мінез» туралы тұжырымдамасының ұстанымдарынан психологиялық қызметтің үлгісі, құрылымы мен түрі жүргізіледі. Біздің зерттеуіміздің практикалық маңыздылығына мінез-құлық құрылымындағы бірнеше өзара байланыс деңгейлері анықталған, атап айтқанды, мінез-құлыққа әсер ететтін қарым-қатынас, ортаға бейімділігі, себеп-түрткі, мінез-құлықпен қатар жүретін эмоционалды процестер, мінез-құлықты реттеу, нервтік-психикалық қалып және т.б. сырттай бақыланатын құбылыстар мен әрекеттер. Осы жүйедегі бұзылыстар тұлғаның мінез-құлық ауытқушылығына себеп болады және психологиялық әсер ету бағытын анықтайды. Девиантты мінез-құлықтың қарастырылған себептері мінез-құлық ауытқушылығы бар тұлғаларға берілетін психологиялық көмектің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыруға мүмкіндік беру зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығын аша түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет