Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы , индекс: 120400, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Пірімов көшесі № 3 үй, анықтама үшін телефондар 8(72438) 22-4-82, 8(72438) 22-1-47, электрондық мекенжай: kazalinsk@taxkzil.mgd.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Талдау, есептеу және салықтық бақылау» бөлімінің бас маманы (C-R-4, 1-бірлік).
Функционалдық міндеттері: Салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы, оларды алудың толымдылығы мен уақтылы аударылуы жөнiндегi мәселелер бойынша уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасауды жүзеге асыру; салық төлеушілердің салық міндеттемелерінің орындалуына бақылау жасау; заңды тұлға мен дара кәсіпкерлердің арыздары бойынша заңдылықтарға сәйкес құжаттық немесе камералдық бақылау жүргізу; салық басқармасының жергілікті есептеу желісінің, ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету; салық басқармасының ақпараттық жүйелері мен бағдарламалық өнімдеріне жаңартуларды жүзеге асыру; серверлерді әкімшілендіру; салық заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға әкімшілік іс қозғау үшін хаттамалар толтыру; өз функционалдық міндеттерінің шеңберінде жоғары тұрған органның немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Лауазымдық нұсқауда көрсетілген басқа да міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету).
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі қызмет көрсету, экономика және басқару (экономика, есеп және аудит, қаржы) немесе байланыс, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) білімі барларға рұқсат етіледі.
Негізгі қызмет бағыты бойынша кезеңді қайта даярлау курстары жөнінде сертификаттары болуы қошталады.
Достарыңызбен бөлісу: |