Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі КММ.
Сызу, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:
Досанов Абдрахман Муханбетжанович
Тақырып: Өзара перпендикуляр үш жазықтыққа тік бұрыштап
проекциялау.
Мақсаты: Өзара перпендикуляр үш жазықтыққа тік бұрыштап
проекциялау әдіс-тәсілдерін үйрету.
Білімділік : Өзара перпендикуляр үш жазықтыққа тік бұрыштап
проекциялау жайында мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Үш жазықтыққа тік бұрыштап проекция жасау
барысында оқушыларды ұқыптылыққа, талғампаздыққа
үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды сызу жаттығу жұмыстарын орындау
барысында қызығушылқтарын дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілдері : Баяндау, сұрақ- жауап, белсенді тақта, электронды
оқулықтармен жұмыс жасау.
Көрнекілігі: Үлестірме қағаздар, белсенді тақта,
Пәнаралық байланыс: Геометрия
Құрал – жабдықтар: Қарындаштар, альбом
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Сәлемдесу, оқушыларды журналмен тексеру.
3. Өткен сабақты қайталау
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
5. Бекіту.
6. Жаттығу орындау.
7. Қорытындылау, бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.
Өткен сабақты қайталау.
1. Өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялауды қалай түсінесін?
2. Проекция осі дегеніміз не?
Жаңа сабақ
Кескінді салу фигураны проекциялау жазықтығына параллель және центрлік проекциялау көмегімен жүзеге асады. Ол үшін түзулер байламы пайдаланылады.Түзулер байламының көмегімен фигураның нүктесіне сәйкес оның проекциясы деп аталатын кескіннің нүктесі анықталады Түзудең кескін алу үшін оның екі нүктесінің проекциясын тауып, оларды түзу сызықпен қосады. Нүктенің тік бұрышты проекциясынан тұратын кескіні қайтымды болуы үшін оның проекциялау жазықтығынан ара қашықтығы көрсетіледі. Нүктенің горизонталь және фронталь проекцияларынан тұратын сызбасы қайтымды болатындығын білдік. Бірақ нәрсенің өзара перпендикуляр екі жазықтықтағы үшбұрышты проекцияларынан тұратын кескін, оның кеңістік бейнесін әрқашан дәл анықтай бермейді. Өзара перпендикуляр үш жазықтық алып, нәрсені өзара үш жазықтықта проекциялаймыз.
Бұл жазықтықтардың екеуімен таныспыз: олар πᵢ- фронталь проекциялар жазықтығы да , ал π² -горизонталь проекциялар жазықтығы. Үшінші жазықтық π³ профиль проекциялар жазықтығы деп, ал онда алынған проекция нәрсені профиль проекциясы деп аталады. Профиль- француз сөзі-қазақша бүйірінен қарағандағы түрі дегенді білдіреді. Горизонткль және профиль проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын ординаталар осі, фронталь және профиль проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын аппликаталар осі ретінде қарастыруға болады. сызба салғанда πᴵ жазықтығын қағаз бетіне беттескен деп қарастырады, ал π² және π³ жазықтықтарын оларға сәйкес абсицисса және аппликата осьтерінен айналдырып, оларды πᴵ жазықтығымен беттестіреді. Сонда алынған жазық фигураны сызба деп атайды. Сызбада х осін горизонталь, z осін вертикаль орналастырады. Бұл түзуді вертикаль байланыс сызығы деп атайды.
Графикалық жұмыс
Бағалау
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалау
Сабақты қорытындылау
1. Жазықтықтарды қалай атаймыз?
Профиль дегеніміз не?
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу. 58-59 суреттерді орындау
Достарыңызбен бөлісу: |