Концептуалды талдаудың көмегімен зерттеушілер белгілі бір мəселенің
немесе тезистің алғашқы белгілері мен көріністерін анықтай алады, сондай-
ақ оның басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму барысын белгілей алады.
Бұл əдістеме тілдік идеяның жеке элементтерін байланыстырып, түсіндіруге,
оның ішкі құрылымын қарастырып, біртұтас жүйе ретінде зерттеуге
мүмкіндік береді.Мысалы алатын болсақ қазақ тіл білімінде кеңінен
зерттелген, күрделі концепттер: "Арман","Бақыт","Қуаныш", "Қайғы". Бұл
сөздердің əрқайсысының əлемде өзінің орны, қалыптасу жəне даму
ерекшеліктері қарастырылған. Концептілік талдау барысында теологиялық
талап,философиялық талап,психологиялық талаптарға сүйене отырып
жасалынады.
85. Этнолингвистикалық талдау.
Қазақ ұлтының киім-кешек атаулары мəдениетімізді танытып қана қоймай,
тіліміздің байырғы лексиикасының да белгілі бір бөлшегін құрайды.
Халқымыда маусымдық өзгешеліктерге байланысты киімдер əртүрлі аталады:
қыс мезгіліндегі киім атаулары – жарғақ, тон, күпі, шидем, тымақ, шекпен,
бөрік жəне т.б. Этнолингвисти ғалымдардың пайымдауынша «бөрік» сөзі –
«бүру» немесе «бүрлеу» етістігіне байланысты. Өйткені моңғол тілінде осы
«бөрік» сөзіне қатысты «жабу, үстін жабу» секілді етістіктер кездеседі екен.
Бұл киім түрін үлкен кісілермен қоса жас бозбалалар да киген.
Қала берді қыздардың ұзатылғанда киетін «сəукеле» деген этнографизмды
алайық. Бұл атаудың лексемасы «сəу» мен «келе» деген екі толыққанды
мəнді сөзден тұрады. «Сəу» деп отырған бөлігі бірқатар түркі тілдерінде «сау,
бүтін» деген мағыналарда қолданады. Ал кейінгі «келе» деген компонент
қырғыз тілінде «күлə» - басқа киетін қарапайым тақиы мағынасында
кездеседі.
Ал «кимешек» лексемасы «киім-кешек» сөзінің кірігіп келе, кейін –шек деген
кішірейткіш қосымшаның қатысуы арқылы қолданысқа енген. Бұны
шамамен 25-40 жастағы əйел адамдары киген. В.Радлов өзінің сөздігінде
«кімашак» - «ересек əйелдердің бас киімі деп анықтама берген».
Достарыңызбен бөлісу: