1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет32/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

1. 
Иемдену құқығы, қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы; 
2. 
Пайдалану құқығы, игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін алуға деген 
құқығы; 
3. 
Билік ету құқығы, игіліктерді пайдалануды кім және қалай шешетіндігі 
жөніндегі құқығы; 
4. 
Табыс алуға деген құқығы, игіліктерді пайдаланудан қандай да бір нәтижеге 
жете алу құқығы; 
5. 
Егемендік құқығы, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою құқығы; 
6. 
Қауіпсіздікке деген құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның 
зияндылығынан қорғау құқығы; 
7. 
Игілікті мұрагерлікке беру құқығы; 
8. 
Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы; 
9. 
Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау 
құқығы; 
10. 
Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге 
игіліктермен жазалау мүмкіндігі; 
11. 
Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді 
қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы. Сонымен, меншіктің экономикалық 
категория ретіндегі мәні мынаған келіп саяды, яғни меншік – бұл адамдар арасындағы 
материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы 
күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Меншік қатынастары меншік объектілерін 
иемдену жөнінде меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады. Меншік 
субъектілері – бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап отыратын тұлғалар, 
оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік топтар, ұжым, халық, мемлекет және 
басқару органдары жатады. Меншік объектісі бұл осылар арқылы меншік 
қатынастары туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік 
объектілеріне: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал- жабдықтары, мүлік, 
ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, құнды қағаздар, ұлттық 
құндылықтар, т.б. жатады. 
Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Олардың 
әрқайсысының бірнеше нысандары бар. 
Жеке меншік – бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың 
иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша жеке меншік еңбектік және еңбектік 
емес болып бөлінеді. Еңбектік жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен 
келіп түсетін табыс арқылы анықталады. Еңбектік емес жеке меншік мүлікті мұраға 
қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден алынатын табыстар және басқа да 
табыс көздері арқылы анықталады. Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет