P
P
P
P
P
P
ES = Q% / P%,
мұндағы, ES – ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін
коэффициент; Q% – ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі;
Р% – тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі.
Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі 5 түрі бар:
1)
икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің көбірек
өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе
кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (ES >1);
2)
икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің азырақ
өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе
кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден төмен (ES <1);
3)
бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір пропорцияда
немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе,
ұсыныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің
коэффициенті 1- ге тең (ES =1);
4)
абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем өзгермеуіне
байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні
шексіздікке ұмтылады, E S = ∞;
5)
абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс көлемін мүлдем
өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда
икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPS = 0.
Әдебиеттер тізімі
1.
ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы:
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2018
ж. 28 қаңтар.
2.
Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Микроэкономика: экономика- лық
мамандықтарға арналған оқулық / – 2-басылым, өңделген және толықтырылған. – Астана: Л.
Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2018. – 321 бет.
3.
Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Шеденов Ө. Қ., Сағын- дықов Е. Н.,
Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И..
/Жалпы редакциясын басқарған Шеденов Ө. Қ. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2010. –
455 бет.
4.
Доғалов А. Н. Использование научных трудов видных казахских мыслителей при
изучении экономической теории. Учебное пособие/ Доғалов А. Н.. – Астана: Евразийский
национальный университет им. Л. Н. Гумилева, 2019., – 211 с.
5.
Әкімбеков С., Баймұхаметова А. С., Жанайдаров У. А. Экономика- лық теория.
Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған С. Әкімбеков. – Астана, 2008. – 464 б.
6.
Ғабит Ж. Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана, 2012. – 248
б.
Достарыңызбен бөлісу: |