конкурс өткізу кезінде:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарын бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
мемлекеттік қызмет алушы жарғысының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері – заңды тұлғалар үшін;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке куәлігінің немесе паспортының, салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері – жеке тұлғалар үшін;
Конкурстық өтінімді конкурсқа қатысушылар нөмірленген беттерімен тігілген түрінде ұсынады, соңғы беттері олардың қол қоюымен расталады;
мемлекеттік қызмет алушыларға осы тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде:
еркін нысандағы өтініш;
осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
тиісті құқықтарды растайтын жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының көшірмелері;
3) бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру кезінде:
еркін нысандағы өтініш;
осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері);
аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты бойынша міндеттемелердің сақталуын растайтын құжаттар.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:
1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға өтініш;
2) осы стандартқа 7-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері):
құрылтай құжаты, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеуші куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері) – заңды тұлғалар үшін;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, салық төлеуші куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері), заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығын беретін құжаттар – жеке тұлғалар үшін;
әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша мемлекеттік қызмет алушының басшысы жеке бекіткен белгіленген нысандағы балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқасы);
балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін – өткен жылы өсімін молайту және балық қорғау іс-шараларына қаржы бөлінгеңдігін растайтын және бөлінген квоталарды игеруі туралы және 2-инспекциямен келісілген ақпарат (түпнұсқасы);
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға (өткен қаржылық жылға) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы салық органының анықтамасы;
мыналарды жүзеге асыру үшін сервитутты ұсыну туралы мемлекеттік қызмет алушының бірінші басшысының қолы қойылған жазбаша міндеттеме:
бақылаулы аулау – Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне және (немесе) 2-инспекцияға;
ғылыми-зерттеулік аулау – жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулау – жеке тұлғаларға (түпнұсқасы);
3) Арал, Каспий теңіздерінің, Зайсан, Балқаш көлдерінің, Алакөл көлдер жүйесінің, Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймаларының және Қиғаш, Іле, Сырдария, Жайық өзендерінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша негізгі құралдардың, балық ресурстар және басқа да су жануарларын аулау мен қайта өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтың және басқа да материалдық–техникалық құралдардың, сондай–ақ ағымдағы мелиорацияны жүргізу және жас шабақтарды құтқару үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
аулаушы және көлік, оның ішінде шағын өлшемді флотты тіркеу туралы аумақтық көліктік бақылау органының анықтамасы;
4) жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтама;
5) салина артемиясы цисталарын аулау үшін болашағы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін – салина артемиясы цисталарын жинау үшін құралдардың, жинау, сақтау және өңдеу жөніндегі технологиялық жабдықтар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
6) басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
аулаушы және көлік, оның ішінде шағын өлшемді флотты тіркеу туралы аумақтық көліктік бақылау органының анықтамасы (жүзгіш құралдар болған кезде);
Балық шаруашылығын дамыту жоспарында тиісті іс-шаралар көрсете отырып, өтініш беруші басшысының қолы қойылған акваөсіруді жүргізу туралы жазбаша міндеттеме (акваөсірумен айналысуды көздейтін тұлғалар үшін)
|