жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын,
атап айтсақ, технологиялық карта,
күнтізбелік-тақырыптық жоспар жинақтайды.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық
мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім
беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі белгілі бір мақсатпен
ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Озат тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың
негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми
мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын
оқып үйренуге негіз жасайды.
Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:
а) педагогтың ғылыми
ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді
пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;
ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін
көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен
құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде
көрсете
білген шебер педагогтардың жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озат
тәжірбиені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Жоспар бойынша
зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау критерийлерінен өтеді.
Озат тәжірибенің критерийлері:
1. Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны
жетілдіру, толықтыру;
2. Жоғары нәтижелілік;
3. Тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану
мүмкіндігі;
4. Тәжірибенің оңтайлылығы; көкейтестілігі, оның ғылым үшін және
педагогикалық тәжірибе үшін
құндылығы;
5. Бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.
Педагог озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл педагогтардың
тәжірбиесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас
бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының
элементін енгізеді. Озық идеяларды және педагогикалық тәжірбиені енгізу
мен таратудың түсінікті формалары –
ауызша және
баспасөз арқылы
насихатталады.
Достарыңызбен бөлісу: