Балаңыздың миын дамыту өте күрделі болып көрінуі мүмкін, енді бойыңызды
еркін ұстаңызда, терең дем алыңыз. Бала тәрбиесі – бұл ғылымнан гөрі өнер
болар. Менің атым Джек Шонков және бұл менің ойын арқылы
балаларыңыздың миын дамыту жайлы шағын шеберлік сабағым.
1. Бала миының дамуы үшін оның өмірінің алғашқы
жылдары неліктен өте
маңызды?
Бала өмірінің алғашқы жылдары өте маңызды, өйткені кішкентай
бүлдіршіндердің алатын тәжірибесі және олардың жақын адамдарымен
қарым-қатынасы олардың миын түгелімен дерлік қалыптастырады.
Және осы ерте шақтағы қалыптасу баланың оқуы мен мінез-құлқына,
физикалық және психикалық денсаулығына өмір бойы әсер етеді. Бала
өмірінің алғашқы жылдарының маңыздылығы өте зор.
2. Бала миын дамыту үшін ата-ананың жасай алатын ең маңызды шарасы қандай?
Баланың және әсіресе кішкентай сәбидің миын дамытуға ықпал ету үшін кез-
келген ата-ананың қолынан келетін ең маңызды ісі – бұл бөбегін танып-білу,
оның беретін белгілерін түсіну, біздің «беру мен қайтару» деп атаған қарым-
қатынасты құруды үйрену.
3. «Беру мен қайтару» деген не және ол неге ұқсайды?
Беру мен қайтару – бұл ойын сияқты.
Мен озып келемін!
Беру
мен қайтару деген осы; уақыт өте келе және тәжірибеленген сайын,
нәтижеңіз жақсара түседі.
«Беру мен қайтару» ойыны екіжақты болып табылатын өзара әрекеттесудің
маңыздылығын айқын көрсетеді. Бала «береді» - жымияды, былдырлайды,
ымдайды, ал ересек адам оған «қайтарады» -
баланың жасаған іс-қимылын
қайталап көрсетеді. Бала дыбыс шығарады және сіз де оған жауап ретінде сол
дыбысты қайталайсыз. Бала бір затты қолымен көрсетеді, сіз де сол затқа қарап
қолыңызбен көрсетесіз. Ойынның мәні осы. Бұл екі бағытта жүреді. Баланың
өзі бастауы мүмкін. Ата-анасы да бастай алады. Негізгісі - сіздің қалай жауап
беруіңізде.
«Беру мен қайтару» бірінші талпыныстан істеп кетуі міндетті емес. Бірақ іс
жүзінде неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым оңай бола түседі.
4. «Беру мен қайтару» бала мен ата-ана арасындағы ойынмен қалай байланысты?
Өте кішкентай балалар барлығын ойын арқылы үйренеді. Ойын – бұл жаңа
нәрсені тану. Ойын – бұл жаңа нәрсені байқап көру. Ойын – егер сен тағы бір
іс-әрекетті жасасаң, не болатынын анықтау. Ойын –
бұл әлемнің асылын
құшуға талпыныс. Осының көбі үйренуге мүмкіндік беретін қауіпсіз ортаның
арқасында жүзеге асырылады.
Көп ойнау, кішкентай бала мен ата-ана арасындағы көп өзара әрекеттесу «беру
мен қайтару» санатына жатады. Кейбір ойындарды бала өз бетінше ойнайды.
5. Ата-аналарға «беру мен қайтаруды» қалай ойын түрінде жүргізуге кеңес берер
едіңіз?
Мен «Беру мен қайтару» идеясын жеңіл, жылы шыраймен және еркін
жасайтын нәрсеге айналдырар едім. Сіз баламен оны тамақтандырғанда,
киімін ауыстырғанда, оны шомылдырып жатқанда ойнауыңызға болады.
Ересек адамдар мен балалардың өзара қарым-қатынасында ойын мен үйрету
үшін көптеген мүмкіндіктер бар.
Баланың күлкісіне жауап ретінде жымиғанда
және олармен ойнағанда, ата-
анасы баланың миында жаңа нейрон байланыстарын құратындығы жайлы ата-
аналардың түсінуіне көмектесу керек.
6. Баламен оның миын дамытуға көмектесу үшін қалай ойнау керек?
Бала нәрестелік кезден бастап көрнекі түрде, сонымен қатар дыбыс арқылы
өзара әрекеттесу: баланың көзіне қарау, осындай жеке байланысты орнату,
баланың сезімдеріне жауап қату - балалар үшін өте маңызды.
Олардың кейбіреуіне мыналар жатады. Тығылмашақ – сіз бетіңізді жабасыз.
«Балақай қайда екен? Ол осында». Алақай-алақай. «Бала үлкен бе екен?
Қандай үлкен!» Ең жақсы ойындар баланың өсуіне мүмкіндік беретін
эмоционалды қауіпсіздік сезімін тудырады.
Сіз бетіңізді матамен жауып,
тығылмашақ ойнаған кезде балалар осы арқылы үйренеді.
Сіз осылай істеген сайын, балаңыз неге мәз болады? Біріншіден, бұл өзара
жеке әрекеттесу, бұл рахаттану сезімін сыйлайды. Екіншіден, бала заттардың
жоғалып, және қайта пайда болатындығы жайлы,
және олардың қай кезде
болмасын өмірде бар екендігі жайлы тұжырымдаманы ұғына бастайды.
Егер бала бұны қайтадан қайталығысы келсе, оның себебі бар. Және де оның
себебі - баланың миы: «Мен мұны меңгеріп жатырмын. Осының арқасында
мен көп нәрсені үйренудемін. Мен осы процестен ләззат алудамын» деп хабар
бергені. Өзіңізден сұраңыз: менің балам не істегенді ұнатады? Сосын сіздің
ойыңызша бала неге мұны ұнататындығын өзіңізден сұраңыз? Жауабы
қашанда мынадай: «себебі бұл менің баламның миын дамытуға көмектеседі».
Кей ата-аналар балаларының компьютер және түрлі гаджеттерде ойын
ойнауына қарсы. Олар ойындарды баланың миын сұйылтып, оның уақытын
босқа алатын, іш пыстырарлық бағдарламалар деп ойлайды. Иә, әрине біздің
балалық шақта мұндай ойындарды көрмедік. Сол себепті ме компьютер
ойындары бала дамуына кедергі келтіретін дүние боп көріне береді.
Бірақ, мамандар бұл ойыңызбен келіспейді. Егер, компьютер ойындарының
мөлшерін білсек бала дамуы үшін ол өте пайдалы дүние. Не
себепті екенін
төменде түсіндіріп өтуге тырысатын боламыз.
Әртүрлі тамақтың ағзамызға түрлі дәрумендерді бергені сияқты түрлі
жанрдағы электрон ойындары да өзіне тән әсер ету күшіне ие. Компьютер
ойындар тарихындағы ең танымал ойындардың бірі – Марио атымен белгілі
кейіпкердің қызықты саяхаттары. Кейіпкер шаршау дегенді білмей,
баспалдақтан баспалдаққа мініп түсе береді, платформадан платформаға
секіріп
ұпай
мен
түрлі
сыйлықтарды
жинайды.
Мұндай
ойындарды платформерлер деп атайды. Осы ойынды ойнаған балаларда
елгезектік, стратегиялық жоспар құру қасиеттері күшейген екен.
Достарыңызбен бөлісу: