№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№61 КӘЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет65/86
Дата30.03.2024
өлшемі1.35 Mb.
#497013
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86
91 эссе

№61 КӘЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ 


Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. 
Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласын да ол ХХ-
ғасырдың екінші жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының 
дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды. 
Адам құқықтары - адам жарық дүниеге, өмірге шырылдап келген сәттен бастап 
пайда болады. Адам құқықтары - адамның өз мүдделерін заң шеңберінде 
жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге 
бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз - адамның тіршілік етуінен туындайтын 
(мысалы; өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) 
құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз - адамның мемлекетпен өзара әрекеті 
процесінде пайда болатын (мысалы; білім алуға, еңбек етуге, байқуатты өмір 
сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, 
мүліктерді иеленуге т.б.) құқықтары. 
Қоғамдық қарымқатынастарға құқықтық нормалардың тиімді әсер етуді 
қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың құқықты қолдану 
қызметінде сот билігін жүзеге асырушы болып табылатын сот жүйесіне үлкен 
рөлі беріледі. 
Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында бекітілген, 
тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ және ашық қаралуын талап етуге 
құқығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабымен да 
кепілдік берілген, онда: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот 
арқылы қорғалуына құқығы бар» делінген. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев 
өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, құқықтық саясаттың маңызды 
мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу 
құқын жүзеге асыруы деп ерекше атап өткен. Соның ішінде Елбасы сот 
төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлатып, артық бюрократиялық 
рәсімдерден 
арылту 
керек 
екенін 
тапсырды, 
жаңа 
ақпараттық 
технологияларды белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес екенін 
атап өтті. Сонымен қатар, ол соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында 
дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыруды 
тапсырып, болмашы мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс 
тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру қажет екенін айтты. 
Бүгінгі күнде Елбасының осы тапсырмаларын орындау аясында республика 
соттарымен «Виртуалды сот», SMART-сот пилоттық жобалары жүзеге 
асырылуда, сонымен қатар татуластыру рәсімдері, соның ішінде медиацияда 
белсенді дамып келеді. 


Қазіргі уақытта республика соттары сот отырыстарын қашықтықта жүзеге 
асыруға мүмкіндік беретін аудио-,бейнетіркеу жүйелерімен жабдықталған. 
Яғни 
адам, 
басқа 
жерде 
бола 
тұра 
сот 
отырысы 
залымен 
бейнеконференцбайланысы арқылы қосылып, тыңдалуына, сонымен қатар, өзі 
де сот процесінде не болып жатқанының барлығын естуге мүмкіндігі бар. 
Бүгін мобильдік технологиялар бізге әрі қарай дамуға мүмкіндік береді. 
Адамға сотқа келуде қажет емес, ол үйінде, кеңседе отырып немесе сапарда, 
демалыста болып, соттың жүйесіне өзінің смартфоны, планшеттік компьютері 
немесе смарт сағаты арқылы да қосыла алады. Ол үшін сот отырысына 
қатысушыға өзінің мобильдік құрылғысына «TrueConf» арнайы қосымшасын 
орнату керек, содан кейін сот отырысына логин арқылы қосылуға облыстық 
соттың программистері көмек көрсетеді. Ол үшін өзінің мәліметтерін және 
қаралатын істің номерін беру қажет. Бұл адамның сот арқылы қорғалу 
құқығын анағұрлым жеңілдетті. 
Атап айтқанда Жангелдин аудандық соты ауданымыздың облыс орталығы мен 
басқа да ірі қалалардан анағұрлым қашық аралықта орналасқандығын ескеріп, 
сот төрелігін жүзеге асыру кезінде алдыңғы қатарлы электрондық сервистерді 
кеңінен қолданады. 
Сондай-ақ, бүгінгі күнге республика соттарымен «Татуластыру: сотқа дейін, 
сотта» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның жүзеге 
асырылуында дауды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс механизмдерінің 
дамуына, медиация институтының әйгілендірілуіне ерекше көңіл бөлінеді. 
Медиациялық келісім арқылы қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік 
құқық бұзушылық істер бойынша тараптар даусыз, ұрыс-керіссіз, өз қалауы 
және өз еркі бойынша өздеріне, екі жаққа да тиімді келісімге келе алады. Бұл 
жерде тараптар сотқа келіп кетумен байланысты қаражат шығындары мен 
уақыттарын үнемдейді және істі әрі қарай қоздырмай екі жаққа да тиімді 
негіздерде медиациялық келісім бойынша іс жүргізуді тоқтата алады. Бұл 
жерде адам өз еркін, өз қалауын білдіре алады. 
Адам құқығы - адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен 
қорғалатын ең жоғарғы демократиялық құндылық. Сондықтанда әрбір адам 
өзінің де, басқаның осы құндылығын бағалай білу және оған ешқандай да зиян 
келтірмеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет