1. «Машиналар механизмдерінің теориясы» пәнінің негізгі мақсаттары мен міндеттері



бет1/17
Дата20.05.2022
өлшемі1.15 Mb.
#458195
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Термех сессия теория ответ 22


1. «Машиналар механизмдерінің теориясы» пәнінің негізгі мақсаттары мен міндеттері.

Механизмдер және машиналар теориясы XVIII – ғасырда ғылым ретінде енгізілді. Механизмдер және машиналар теориясын жасауға көп еңбек сіңірген ғалымдар: П. Л. Чебышев (1821-1899) - математик, механик - механизмдерді талдау теориясын жасады, арифмометрді ойлап тапты, 40-тан астам әр түрлі механизмдер конструкциясын құрастырды. И. А. Вышнеградский (1831-1895) - автоматты түрде басқару теориясының негізін құрады. Н. Е. Жуковский - қатты рычаг теориясының авторы, бұранда орамына түсетін күшті бірінші анықтады. Сонымен қатар осы ғылымның дамуына көп еңбек сіңірген орыс ғалымдары: Ассур, Мерцалов, Горячкин және т.б.


ММТ-ның негізгі мақсаты
Механизмдер теориясының мақсатын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топтың мақсаты механизмдердің құрылымдық, кинематикалық және динамикалық қасиеттерін зерттеуге бағытталған яғни, механизмдерді талдау.
Екінші топтың мақсаты қажетті қозғалыста болу үшін берілген құрылымдық, кинематикалық және динамикалық қасиеттеріне байланысты механизмдерді құрастыру, яғни механизмдерді синтездеу.
Механизмдердің қозғалысы олардың құрылысына және түсірілген күштерге байланысты. Сондықтан механизмдерді талдау мақсатын екі бөлімге бөліп оқытқан дұрыс болады:
а) құрылымдық және кинематикалық талдау;
б) динамикалық талдау.
Механизмдерді құрылымдық және кинематикалық талдау, механизмдердің құрылыс теориясын, денелердің қозғалысын зерттеуге, осы денелерді қозғалысқа келтіретін күштерге байланыссыз, таза геометриялық көзқараста болады деп оқып үйретеді.
Механизмдерді динамикалық талдау денелердің қозғалыс кезінде денеге әсер ететін күштерін, осы денелер қозғалыстарының өзара байланыстарын және массаларын анықтау әдістерін оқып үйретеді.
Механизмдерді синтездеу мақсатын механизмдердің түрлеріне байланысты қарастырған дұрыс, сондықтан синтездеу мәселесі берілген кинематикалық және динамиткалық сипаттамаларына қарай алдын ала қабылданған құрылымына байланысты механизмді жабалау болып табылады.
Сондықтан ММТ-ның негізгі бөлімдерін қарастыруға болады:
а) мехнизмдерді құрылымдық және кинематикалық талдау;
б) мехнизмдерді динамикалық талдау;
в) мехнизмдерді синтездеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет