37. Молекулалардың еркін жүру жолының орташа үзындығы молекуланың тетелес екі соқтығысу арасындағы жүріп өтетін жолын айтады. Соқтығысу кезінде екі молекуланың центрлері арасындағы кіші қашықтықты эффективтілік диаметрі , ал эффекктивтік қимасы деп аталады. Егер уақыт бірлігінің ішінде молекула рет соқтығысатын болса, онда . соқтығусылардың орташа саны.
3.Электростатика. Тұрақты ток
38 .Электр заряды және оның қасиеттері. Электр зарядының сақталу заңы. Электр зарядтарының өзара әсерлесуі. Электр өрісі.
Электрдинамиканың негізі электр заряды мен электр өрісі болып табылады. Яғни кез келген зарядталған дененің айналасында электр өрісі болады. Зарядталған денелер немесе бөлшектер бір-бірімен осы өріс арқылы әсерлеседі. Электр заряды денелердің электрлік әсерлесуін сипаттайды. Электр зарядтарының қасиеттері:
- электр зарядтары оң және теріс болады, аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі, ал әр аттас зарядтар бір-біріне тартылады;
- электр заряды релятивтік - инвариантты: ол қозғалыс кезінде мәнін
өзгертпейді, яғни оның шамасы санақ жүйесіне тәуелсіз;
- электр заряды аддитивті, яғни кез-келген жүйенің заряды жүйені
құрайтын бөлшектердің зарядтарының алгебралық қосындысына тең;
- электр заряды дискретті, яғни кез келген бөлшек е элементар зарядтан тұрады, яғни : q= eN.
Элементар заряды бар бөлшектер электрон ( теріс ) және протон (оң),
Элементар заряд /е/ = 1,6 10-19 Кл.
Электр зарядының сақталу заңы - тұйықталған жүйенің электр заряды осы жүйеде өтетін кез келген процесс кезінде өзгермейді. q1 + q2 + q3+ ….+ qn = const
Нүктелік заряд деген өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын электр заряды бар дене.
Электр өрісі кез келген заряд өзінің айналасындағы кеңістікте электр өрісін туғызады. Зарядтардаң арасындағы өзара әсері осы электр өрісі арқылы жүзеге асады. Зарядтардың арақышықтығы артқан сайын электр өрісі азаяды. Электр өрісінің негізгі қасиеті оның бір нүктесіне орналақан зарядқа бір күшпен әсер етуі. Зарядтардың өзара әсерлесуі Кулон заңымен сипатталады. Ол екі нүктелік зарядталған дененің вакуумдегі өзара әсерлесу күшінің осы денелердің және зарядтарына және олардың ара қашықтығына тәуелділігін тағайындайды. Халықаралық бірліктер жүйесінде заң былай жазылады: , мұндағы = 8,85*10-12Кл2/Н*м2 - электр тұрақтысы.
Электрстатикалық өрістің күштік сипаттамасы өрістің кернеулігі болып табылады, ол бірлік оң зарядқа әсер ететін күшпен анықталады: ,
Достарыңызбен бөлісу: |