14. Бөлшектің және бөлшектер жүйесінің кинетикалық энергиясы Қатты денелер айналғандағы кинетикалық энергия және жұмыс.
. теңдеуінің сол жағын қарастырайық. Ол қандай да бір функцияның толық дифференциалын береді.
. (4.7)
Wk шамасы бөлшектің кинетикалық энергиясы деп аталады. Кинетикалық энергия – толық энергияның бөлшектің қозғалысымен байланысты бөлігі. Тыныштықта тұрған дененің (V=0) кинетикалық энергиясы болмайтынын ескерсек, (4.7 )-дан тең екені шығады.
Қозғалмайтын осьті айналып қозғалған қатты дененің айналмалы қозғалысы кезіндегі кинетикалық энергиясы . (4.9 )
(4.8 ) және (4.9 ) өрнектері релятивистік емес (v<<c) бөлшектер үшін дұрыс болады. (4.8 ) өрнегі бөлшекке бірнеше күш әсер еткен жағдайда да дұрыс болып табылады. Онда А12 - барлық күштердің жұмыстарының қосындысы. Олай болса, бөлшектің кинетикалық энергиясының өзгерісі осы бөлшекке әсер етуші барлық күштердің жұмысына тең болады. А12=Wk2-Wk1 . (4.10)
Дене Ғ күштің әсерімен dφ аз бұрышқа бұрылғанда күштің түсу нүктесі ds= r dφ жол жүреді де істелген жұмыс dA = F sin φ r dφ = Mz dφ .
15. Бөлшек пен бөлшектер жүйесінің толық механикалық энергиясы. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Энергияның сақталу және айналу.
Энергияның сақталу және айналу заңы табиғаттың негізгі заңдарының бірі болып табылады. Энергияның сақталу заңы уақыттың біртектілігін көрсетеді, яғни уақыттың барлық кезеңдері үшін бірдей. Уақыттың әр кезеңдерінің эквивалентті болу себебі кез келген физикалық процесс оның қашан басталғанына тәуелсіз бірдей жүріп отырады. Энергияның сақталу және айналу заңының терең мағынасы бар. Ол қозғалыстың материяның ажырамас қасиеті екенін, оның пайда болмайтынын және жоғалмайтынын, бір түрден екінші түрге айналатынын көрсетеді.
Бөлшек пен бөлшектер жүйесінің толық механикалық энергиясын қарастырайық. (4.7) формуласына оралайық. Бөлшекке консервативті және консервативті емес күштер әсер етеді делік. Онда Wk2–Wk1=A12*+A12 A12*=Wp1–Wp2 екенін ескерсек, (Wk2+Wp2)–(Wk1+Wp1)=A12 (5.5)
Бөлшектің толық механикалық энергиясы W кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысына тең. Консервативті күш өрісіндегі бөлшектің толық механикалық энергиясының өзгерісі бөлшекке әсер ететін консервативті емес күштердің жұмысына тең W2–W1=A12 . (5.6)
N өзара әсерлеспейтін бөлшектер жүйесінің энергиясы осы жүйені құрайтын бөлшектердің барлық энергияларының қосындысымен анықталады . (5.7)
Егер бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлесетін болса, аддитивті болып табылмайтын олардың өзара әсерлесу энергиясын ескеру қажет. . ( 5.8)
Егер жүйе бөлшектерінің арасында сыртқы күштер болмай (A12 =0), тек қана консервативті күштер әсер етсе (мұндай жүйені консервативті деп атайды), (5.7) формуладан көретініміздей, оның толық механикалық энергиясы сақталып қалады. Бұл тұжырым толық механикалық энергияның сақталу заңы болып табылады. Толық механикалық энергия тек денелердің тұйықталған консервативті жүйесінде ғана сақталады.
0
0
0
0
17 Лоренц түрлендірулері Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының постулаттарынан, екі инерциялық жүйеде өтетңн оқиғаның координатасы мен уақыт шамаларының бір бірімен байланыстырылатын турлендіру. Қозғалысты Х осі бойынша алайық. Галилейдің теңдігі сызықты сондықтан оны , түрінде жазуға болады Тұрақтысы болғанда бірге ұмтылуға тиіс, оны табу үшін Эйнштейннің екінші постулатн қолданамыз, жарық жылдамдығы екі жүйедеде бірдей, онда x=ct, теңдеулерді қатысты шешейік , , , , бұдан егер , онда , , , ,
Достарыңызбен бөлісу: |