1. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік функциясы ретінде



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі99.87 Kb.
#463156
  1   2
МҚК 1-дәріс


1. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік функциясы ретінде
1. Қызмет көрсету нарығының түсінігі мен болмысы.


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.
Негізінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптары және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.
Қалыптасқан ұғымдарға сәйкес мемлекеттік функция дегеніміз – атқарушы мемлекеттік органның билік жүргізу өкілеттіктерін атқару немесе қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі түрде жүзеге асыратын қызметі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету – мемлекеттік қызметтер көрсететін атқарушы билік органының: азаматтың немесе ұйымның өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру, не оларға нормативтік құқықтық актілермен жүктелген міндеттерді орындау мақсатында өтініш жасауына байланысты құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкелетін немесе құжатталған ақпаратты (құжатты) туындататын іс-әрекеттер жасауын және (немесе) шешімдер қабылдауын білдіретін қызметі.
Е. Морозованың есептеуінше, мемлекеттік қызметтер көрсетудің елеулі белгісі оның атқарушы мемлекеттік билік органдарының өкілеттігіне жататындығынан туындайды. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді қаржыландыру орталық және жергілікті бюджеттер есебінен іске асырылады.
Сондықтан ол мемлекеттік қызметтер көрсету ұғымын тиісті бюджет есебінен қаржыландырылатын құзыретті атқарушы мемлекеттік билік органдарының құқық қолдану қызметі ретінде нақтылайды, ал бұл қызметке жеке немесе заңды тұлға өзінің құқығын немесе заңды мүддесін іске асыру жөнінде, сондай-ақ өзінің міндеттерін орындау жөнінде бастамашылық етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік функция мемлекет пен қоғамның өзара іс-әрекеттер жасау процестерін білдіреді, олардың негізгі айырмашылығы – іс-әрекеттің бастамашысына байланысты орын алады:
1) егер іс-әрекет бастамашысы билік органы болса (мәселен, бақылау тексерісін жүргізу, қайсібір жалпы тарифтердің есебін жасау және т.б.), онда өзара іс-әрекет жасау мемлекеттік функция ретінде сипатталады;
2) егер іс-әрекет бастамашысы азамат немесе ұйым болса (мәселен, төлқұжат алу, өз қызметін лицензиялау, жеке тарифтің есебін жасау, жоғалған құжаттың көшірмесін (дубликатын) алу, БАҚ үшін сауал жасау), онда өзара іс-әрекет жасау мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары – мемлекеттік қызметті тұтынушының мүддесі үшін аталған мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, құрамы мен нәтижесінің сипаттамасын қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, орындалуға міндетті қағидалар.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің әкімшілік регламенті – мемлекеттік қызметті тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы және жылдам қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің (әкімшілік рәсімдердің) мерзімі мен дәйектілігін айқындайтын атқарушы билік органының нормативтік құқықтық акті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет