Егер ондық бөлшегінде үтірден кейін шектеусіз көп таңбалар (цифрлар) тұрса, онда ол шектеусіз ондық бөлшек деп аталады.
Бір немесе көптеген цифрлары өзгеріссіз қайталанып отыратын
немесе ,
түріндегі шектеусіз ондық бөлшектер периодты деп аталады.
Үтірден кейін біртіндеп қайталана беретін цифрлар тобы бөлшектің периоды деп аталады және ол жақша ішіне жазылады.
Мысалы, 0,131313...=0,(13); 2,3444...=2,3(4).
Егер период бірден үтірден кейін басталатын болса, онда бөлшек таза периодты деп аталады; егер де үтір мен периодтың арасында басқа ондық таңбалар бар болса, онда бөлшек аралас периодты деп аталады.
= бөлшегі - таза перодты бөлшек.
= бөлшегі – аралас периодты бөлшек.
түріндегі кез келген периодты бөлшекті келесі ереже арқылы жай бөлшекке айналдыруға болады:
1) бөлшектің алымындағы сан екінші периодқа дейінгі тұрған сан мен бірінші периодқа дейінгі санның айырмасына тең болады;
2) бөлшектің бөліміндегі сан келесі ереже бойынша 9 цифрымен және оның соңында нөльдермен жазылады: 9 цифры периодтағы цифр саны қанша болса сонша рет, ал нөл саны үтірмен бірінші периодтың арасындағы цифр саны қанша болса сонша рет қайталанып жазылады.
Мысалы, аралас периодты бөлшегі жай бөлшегіне тең, ал таза перодты бөлшегі бөлшегіне тең болады.
Периодты бөлшекті жай бөлшекке айналдыру ережесін пайдаланамыз:
; .
|