1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі



бет9/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

11-модуль. Термодинамика негіздері



    1. Қалыпты жағдайдағы 1 кмоль азот адиабатты түрде V1-ден V2=5V1 - ге дейін ұлғаяды. 1) Газдың ішкі энергиясының өзгеруін; 2)газ ұлғайғанда істелінетін жұмысты анықтаңыз.

    2. Іштен жанатын двигательдің цилиндрлерінде ауа адиабатты түрде сығылады және бұл кезде оның қысымы дан ға дейін өзгереді. Ауаның бастапқы температурасы 400С. Сығудың соңында ауаның температурасы қандай болады?

    3. 10 г кейбір газдың көлемі V1-ден V2=2V1- ге дейін изотермиялық ұлғайғанда істелінген жұмыс 575 Дж. Осы температурадағы газ молекулаларының орташа квадраттық жылдам дығы қандай?

    4. 170С температурадағы 10 г азот изотермиялық түрде ұлғайғанда істелінген жұмыс 860 Дж. Азот ұлғайғанда оның қысымы қанша есе өзгерді?

    5. 230С температурадағы 10,5 г азот қысымы 250 кПа-дан 100 кПа-ға дейін өзгеріп изотермиялық түрде ұлғайды. Газ ұлғайғанда істелінген жұмыс қандай?

    6. 7 г көмірқышқыл газы оның еркін ұлғаюы және оның ішкі энергиясының өзгеруі жағдайларында 100С-ға қыздырылды. Газ ұлғайғанда істеген жұмысы мен оның ішкі энергиясының өзгеруін анықтаңыз.

    7. Екі атомды газға 500 кал жылу берілгенде, ол тұрақты қысымда ұлғайды. Газ ұлғайғанда істелінген жұмыс қандай?

    8. Тұрақты қысымда 2 кмоль көмірқышқыл газы 500С-ға қыздырылды. 1)газдың ішкі энергиясының өзгеруі; 2) газ ұлғайғанда істелінген жұмыс; 3) газға берілген жылу мөлшері қандай болады?

    9. Жабық ыдыста 20 г азот пен 30 г оттегі бар. Осы газ қоспасын 280С-ға суытқан кезде, оның ішкі энергиясының өзгеруі қандай болады?

11.10. Температурасы 270С, 6,5 г сутегі сырттан келген жылу есебінде, жағдайында екі есе ұлғайған. 1) ұлғайғанда істелінген жұмыс; 2) газдың ішкі энергиясының өзгеруі; 3) газға берілген жылу мөлшері қандай болады?

    1. 8 г гелийдің көлемі V1=10л -ден V2=25л -ге дейін изобаралық түрде ұлғайғанда энтропиясының өзгеруі қандай болады?

    2. 640 г балқу температурасында балқытылған қорғасын 00С-дағы мұзға құйылған. Осы процесте энтропияның өзгеруі қандай болады?

    3. 00С температурасындағы 1 кг мұздың айналуында энтропияның өзгеруі қандай болады?

    4. 00С температурасындағы 1 г судың 1000С-да буға айналуында энтропияның өсімі қандай болады?

    5. -200С температурадағы 10 г мұзды 1000С температурадағы буға айналдыруда энтропияның өзгеруі қандай болады?

    6. Газ Карно циклін жасайды. Жылуберушінің температурасы жылуқабылдаушының температурасынан 3 есе артық. Жылуберуші газға Q=41,9 кДж жылу берді. Газдың атқарған жұмысы қандай?

    7. Идеал жылу машинасы Карно циклі бойынша жұмыс істейді. Қыздырғыштан алынатын жылудың 80% -і 1,5 ккал-ға тең. Табу керек: 1) циклдің П.Ә.К.-ін; 2) толық циклде істелінген жұмысты.

    8. Карно циклі бойынша істейтін идеал жылу машинасы бір циклде 73,5 кДж жұмыс атқарған. Қыздырғыштың температурасы 1000С, суытқыштың температурасы 00С. Табу керек: 1) машинаның П.Ә.К.-ін; 2)машинаның бір циклде қыздырғыштан алатын жылу мөлшерін; 3) бір циклде суытқышқа берілетін жылу мөлшерін.

    9. Идеал жылу машинасы Карно циклі бойынша жұмыс істейді. Егер бір циклде істелінген жұмыс 3103 Дж болып, суытқышқа 3,2 кал жылу берілсе, циклдің П.Ә.К.-і қандай болады?

    10. Карно циклі бойынша жұмыс істейтін идеал жылу машинасы бір циклде қыздырғыштан 600 кал жылу алады. Қыздырғыштың температурасы 400К, суытқыштың температурасы 300К. Машинаның бір циклде істейтін жұмысы мен бір циклде суытқышқа берілетін жылу мөлшерін табыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет