1-КЕЗЕҢ . ТЕСТ. ТАҢДАУ СҰРАҚТАРЫ
1-нұсқа
(Әр тапсырма үшін берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс). (20 ×2 = 40 ұпай)
Шаршының ауданы 36 болса, боялған бөлік ауданын табыңыз.
A) 3 B) 3,5 C) 4,5 D) 6 E) 9
2. Марат машиналарды бояғанда келесі ретпен бояды: көк, жасыл, қызыл, қара және сары. Онда 29-шы машинаның түсін анықтаңыз.
A) көк B) сары C) жасыл D) қызыл E) қара
3. 0, 9, 5 және 3 цифрларын пайдаланып, бір цифр қайта қайталанбайтын неше екі таңбалы сандарды жазуға болады?
А) 5 В) 6 С) 7 D)9 Е) 8
4. Бөренені он бес бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керектігін табыңыз.
A) 8 B) 18 C) 14 D) 4 E) 6
5. 6,4,3 және 5 цифрларымен жазылған ең үлкен сан мен 2,8 және 7цифрларымен жазылатын ең кіші санның айырмасын табыңыз
A) 2588 B) 6265 C) 2485
D) 2178 E) 2584
6. Егер 5 ☼ 3 = 60, 9 ☼ 7 = 64 және 2 ☼ 9 = 44 болса, онда 8 ☼ 4 өрнегінің мәні нешеге тең?
A) 30 B) 48 C) 33 D) 36 E) 24
7.Велосипедші 12км/cағ жылдамдықпен 4 сағ жол жүрді. Егер ол жылдамдығын 2 есе кемітсе, осы жолды қанша уақытта жүріп өтетінін анықтаңыз.
A) 2 сағ B) 4cағ C) 6 сағ D) 8 сағ E) 10сағ
8. Қай жерге текше қойылса фигура симметриялы болады?
A) D B) В C) С D) А E) Е
9. Саяжайдағы ағаштардың 35-і жеміс ағаштар. Бұл барлық ағаштардың 50% -і. Саяжайдағы барлығы қанша ағаш бар?
A) 35 B) 50 C) 70 D) 40 E) 60
10. Мәди, Еңлік және Ләззат дүкеннен циркуль, транспортир және калькулятор сатып алды. Мәдидің сатып алғаны калькулятор емес, Ләззаттың сатып алғаны циркуль емес. Еңліктің сатып алғаны калькулятор да, циркуль де емес. Кім не сатып алды?
A) Мәди – транспортир, Еңлік – калькулятор, Ләззат – циркуль
B) Мәди – калькулятор, Еңлік – транспортир, Ләззат - циркуль
C) Мәди – циркуль, Еңлік – калькулятор, Ләззат – транспортир
D) Мәди – циркуль, Еңлік – транспортир, Ләззат – калькулятор
E) Мәди – калькулятор, Еңлік – циркуль, Ләззат – транспортир
11. Сыныпта 37 оқушы бар. Олардың 20-сы вокалға, 15-і биге және 7-еуі екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта екі үйірмеге де қатыспайтын оқушылар саны қанша?
А) 9 В) 5 С) 6 D) 7 E) 8
12 .Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 24 жас.
Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 23 жас болды.
Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз.
А)26 B) 34 C) 28 D) 25 E) 19
|
13. Кәсіпорын өз өнімдерінің 3/4 -ін экспортқа жіберді, ал 1/5 -ін жұмысшыларына таратты. Кәсіпорын қоймасында өнімнің қанша пайызы қалды?
А) 80% В) 20% С) 25% D) 75% E) 5%
14. Құлыпталған 7 шабадан және олардың 7 кілті бар. Қай кілт қай шабадандікі екені белгісіз. Шабадандарға сәйкес кілттерді іріктеу үшін көп дегенде неше рет тексеру керек?
A) 21 B) 27 C) 28 D) 17 E) 19
15 Суретте таразы тепе-теңдікте орналасқан болса,
өрнегінің мәнін табыңыз
A) 1,1 B) 1,5 C) 0,2 D) 0,3 E) 0,5
16. А-ның мәнін тап.
А) 1 В) 2 С) 3 D) 4 Е) 5
17. Тізбектелген 6 жұп санның қосындысы 174 болса, олардың соңғы үшеуінің қосындысын табыңыз.
A) 102 B) 90 C) 76 D) 96 E) 84
18. 4921508 санында кейбір цифрларды өшіргенде ең кіші үш таңбалы сан шығуы тиіс. Өшіруге болатын төрт цифрды көрсетіңіз. (Берілген сандағы цифрлар реті өзгермейді)
A) 1, 5, 0, 8 B) 4, 9, 2, 5 C) 4, 2, 1, 0 D) 4, 9, 5 8 E) 4, 9, 2, 1
19. Кітап сөрелеріндегі кітаптар саны 100-ден артық, 150-ден кем. Егер сөрелердегі барлық кітаптар әрбір бумаға 10 кітаптан буылса, соңғы толық бумаға 2 кітап жетпейді. Егер 7 кітаптан буылса, 2 кітап артық қалады. Кітаптар сөресінде неше кітап бар?
A) 128 B) 124 C) 127 138 E) 148
2 0. А, В, С – әртүрлі оң цифрлар. Сонымен қатар АВС ̅̅̅̅̅∗ АВС ̅̅̅̅̅̅ = 207936. А+В+С=?
A) 12 B) 15 C) 11 D) 20 E) 17
Достарыңызбен бөлісу: |