1 пән Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі


Әр түрлі типтегі мектептерде математиканы оқытудың ерекшеліктері



бет2/27
Дата27.05.2024
өлшемі117.77 Kb.
#501932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Моа ГОС нов

Әр түрлі типтегі мектептерде математиканы оқытудың ерекшеліктері

Математиканы дифференциалды оқыту компоненттері. Математиканы оқытудың ішкі және сыртқы саралауы (дифференциация). Гуманитарлы бағыттағы топтарға математикалық білім беру. Инновациялық білім берудегі мекемелердің түрі


  1. Білім, дағды және біліктілікті тексерудің әдістері, формалары мен құралдары.

Оқушылардың математикадан білім, білік және дағдыларын тексеру
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару. Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады. Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады. Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын беререди. Білімді басқарудың негізгі функцияларын сипаттаңыз:А) бақылау және диагностикалық - функция: оқыту нәтижелерін анықтау және диагностикалау.Б) Тәрбиелік (оқыту) қызметі: білім сапасын арттыру, оларды жүйелеу, тәрбие жұмысының әдістерін қалыптастыру. В) Ынталандырушы (дамытушы) қызметі: мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін дамытуға қажетті негіз жасау. Г) Тәрбиелік қызметі: әрбір оқушының оқу нәтижесіне жауапкершілік сезімін ояту, оқуға деген танымдық мотивациясын қалыптастыру. Д) Болжау қызметі: білімді, дағдыны меңгеру және оны түзету процесін басқару. Бақылаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар, олардың ішінен ең негізгилери. Ауызша тексеру. Бақылаудың мақсаты мен тексерілетін материалдың мазмұнына байланысты ауызша тексеру әр түрлі ұйымдастырылады. Тексеруге қойылған мақсаттар арасынан мыналарды бөліп алуға болады: үй жұмысының орындалуын тексеру, жаңа материалды игеруге дайындықтарын анықтау, түсініктілік және жаңа материалды игеру дәрежесін тексеру. Мазмұнына байланысты тексеру алдынғы өткен сабақ бойынша немесе бөлек бөлімдер және тақырыптар бойынша жүргізіледі.Ауызша тексеру әдісінің екі негізгі бөлімі бар:-тексеру сұрақтарын және олардың тапсырмаларын құрастыру;-қойылған сұрақтарға оқушының жауабы. Тексеру сұрақтары мен тапсырмаларды құрастыру — ауызша тексерудің басты элементі болып табылады. Сұрақтардың сапасы олардың мазмұнымен, оқушының жауап беру кезінде ақыл-ой әрекетімен немесе сөйлеу мәнерімен анықталады. Сұрақтарды құрастыру барысында осы курстың негізгілерін немесе оқушылармен қиын қабылданатын немесе алдағы тақырыптарды, бөлімдерді меңгеруге қажет білімдерді тексеру көзделеді. Бақылаудың түрі сұрақтардың таңдалуына әсер етеді.: сұрақтардың мазмұнын нақтылау үшін, ағымдық бақылау үшін оқытылатын материалдың алдыңғысымен байланысын талдау, ал тематикалық және қорытынды бақылау үшін – алдағы бөлімдерді ерекшелеу және олармен іс жүргізу тәсілдері. Егер ауызша бақылау оқушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше жұмыс істеуін жылдамдатса , онда ол тиімді деп есептеледі. Сұрақтардың сапасы оқушылардың жауап беру кезіндегі ақыл-ой әрекетінің мінезімен анықталады. Сол үшін тексеру сұрақтарының ішінен есте сақтау қабілетін (оқылғанды бейнелеу), ойлануын (жалпыландыру, салыстыру үшін), тіл байлығын белсендендіретін сұрақтарды ерекшелеп алады. Алған білімдерін тәжірибеде қолдануда проблемалық сұрақтардың мәні зор. Ауызша бақылаудың сапасы, сұрақтардың таңдалуына, қойылуына және жүйелілігіне байланысты:1.әр сұрақтың мақсаты және логикалық соңы болуы қажет;2.сұрақтар барынша қысқа, сығылған және нақты болуы қажет. Ауызша бақылаудың екінші бөлімі оқушылардың жауаптары болып табылады. Дидактикалық әдебиеттерде оқушылардың білім сапасын анықтаудың екі шарты ерекшеленген.— оқушыға ешкім кедергі келтірмейді (көпшілік және мұғалім жауаптарды кейін талқылайды)— оқушылардың интеллектуальды күшінің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін орта құру. Оқушыны сұрақтарға нақты жауап бермей, сұрақтан ауытқып кеткен жағдайда ғана бөлуге болады. Оқушыны бағалау кезінде жауаптардың дұрыстығына, толықтығына, сөйлеу мәнеріне және мазмұндық жүйелілігіне мән беріледі. Сабақтың кез-келген кезеңінде ауызша тексерудің түрлері қолданылады. Қай түрін қолдану сабақтың маңыздылығы мен логикасына байланысты таңдалады.Жазбаша – графикалық жұмыстарды тексеру. Екінші кең қолданатын бақылау әдісі жазбаша-графикалық жұмыстарды тексеру болып табылады. Бұл әдістің өзінің сапалық ерекшеліктері бар: ауызша тексеруге қарағанда мынадай ерекшеліктері бар: уақыттың үнемделуі, тексерілетіндердің барлығын қамтиды.Жазбаша жұмыстар:-теориялық материалдар бойынша білімдерді тексеру; -оны есеп шығаруда қолдана білу; -қалыптасқан біліктерді бақылау үшін қолданады. Жазбаша – графикалық әдістердің негізгі 4 кезеңі бар: дайындық, ұйымдастыру, өткізу, нәтижелерді талдау. Дайындық кезеңінде: бақылаудың мақсатын бөліп алу, бақылау объектісінің мазмұнын бөліп алу, бақылау тапсырмаларын құру. Бұл кезеңде оқу-әдістемелік құралдар мен журналдағы тексеру жұмыстарының үлгілері көмектеседі. Тексеру жұмысын ұйымдастыру барысында оқушыларға тапсырмалардың түрлері, жұмысты қалай атау және жұмысты орындау уақыты айтылады. Сол арада оқушының өз бетінше жұмыс істеуін қадағалау. Оқушылардың жауаптарын белгілі бір жүйе (сызба) бойынша талдаса, ол анағұрлым тиімді болады. Мұқият өткізілген талдау кемістіктерді терең зерттеуге, әрбір оқушының жетістіктерін білуге, типтік қателіктерді ерекшелеуге, оқушылардың негізгі қиындықтарын және олардың пайда болуы мен оларды жою тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Практикалық және зертханалық жұмыстарды тексеру. Бұл әдістің көмегімен оқушылардың алған білімдерін практикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі әр түрлі кестелерді, формулаларды, сызбалық және өлшеу құралдарын қолдану қабілеттері туралы мәлімет алуға болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет