1 Проекциялық сызу



бет1/2
Дата08.01.2023
өлшемі199 Kb.
#468218
  1   2
Дәріс 2 Проекциялық сызу

1 Проекциялық сызу


1.1 Пішім

Пішім шеткі жиек сызықтын өлшемiмен анықталады. 1189х841мм өлшемді пішім (ауданы 1 шаршы метр) және өзіне дейінгі пішімнің қысқа жағына параллель сызықпен екіге бөлу арқылы алынған басқа да пішімдер негізгі деп МЕСТ 2.301-68 бойынша қабылданады. Қосымша пішімдер негізгі пішімдердің қысқа жақтарын n есе арттыру арқылы шығарылады. n- бүтін сан.


Негiзгi стандарт пішімдер 1-ші кестеде келтiрiлген.
Кесте 1 – Пішімдер

Негізгі пішімдер

Қосымша пішімдер

Белгiленуi

Шеттерінің өлшемі

Белгiленуi

Шеттерінің өлшемі

А 0

841 х 1189

А 0 х 2
А 0 х 3

1189 х 1685
1189 х 523

А 1

594 х 841

А 1 х 3
А 1 х 4

841 х 1783
841 х 2378

А 2

420 х 594

А 2 х 3
А 2 х 4
А 2 х 5

594 х 1261
594 х 1682
594 х 2102

А 3

297 х 420

А 3 х 3
А 3 х 4
А 3 х 5
А 3 х 6
А 3 х 7

420 х 891
420 х 1189
420 х 1489
420 х 1783
420 х 2080

А 4

210 х 297

А 4 х 3
А 4 х 4
А 4 х 5
А 4 х 6
А 4 х 7
А 4 х 8
А 4 х 9

297 х 630
297 х 841
297 х 1051
297 х 1261
297 х 1471
297 х 1682
297 х 1892

А 5

148 х 210

-




Ескерту: А5 пішімді қажет жағдайда ғана қолданылады.


Пішім 2А стандарт бойынша тағайындалған негізгі жазу түрлері бұйымның құжаттамасында және аспаптар жасауда қолдануға арналған /1/. Негізгі жазу А4 пішімі үшін 1-ші суреттегідей пішімнің қысқа жағының оң жақ төменгі бұрышында орналасады, ал басқа пішімдер үшін ұзын жағында орналасады (2-ші суретте). Кейбір себепті жағдайларда А1-ден үлкен емес пішімдер үшін сызбаны тігінен орналастыруға болады, онда негізгі жазу қысқа жағында орналасады.



Сурет 1 – А4 пішімінің үлгісі





Сурет 2 – А3 пішімінің үлгісі


Сызбалар мен сүбелер үшін 3-ші суретте көрсетілгендей негізгі бұрыш үлгісі бекітілген.

Сурет 3 – Негізгі бұрыш


Бөліктерде (реттік саныдары жақша ішінде көрсетілген) төмендегідей мәліметтермен келтірілген:



    1. – бұйымның немесе оның құрамдас бөлігінің атауы;

    2. – техникалық құжат белгіленуі

    3. – материалдың шартты белгісі (тек тетікбөлшектер сызбаларында);

    4. – әріптер (мысалы Т) сол жақ шеткі тордан ретімен толтыруды бастайды. Т деген әріптер «Тәжірибелік үлгі» дегенді білдіреді.

    5. – бұйымның немесе оның құрамдас бөліктерінің салмағы;

    6. кескіннің масштабы;

    7. – беттің реттік саны, сызу бір бетте орналасса, толтырылмайды;

    8. – берілген бұйым сызбасы орындалған беттердің жалпы саны;

    9. – берілген сызбаны шығарған кәсіпорын атауы (ШҚМТУ, топ);

    10. – сызбаға қол қойған адам жұмысының сипаты;

    11. – құжатқа қол қойған адамның тегі;

    12. қолдары қойылады;

    13. – құжатқа қол қойылған күндер.




    1. Масштаб

Масштаб МЕСТ 2.302-68 сәйкес 2-ші кесте бойынша таңдалады. Масштаб негізгі бұрышта арнаулы бағанада немесе қажет жағдайда бейненің үстінде 1:1 түрінде жазылады.


Кесте 2 – Масштабтар



Нақты өлшемi:

1:1

Кiшiрейту масштабы:

1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000

Үлкейту масштабы:

2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет