Аңдатпа
Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.
Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді.
Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.
Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді.
Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 және Arduino оқу конструкторлары пайдаланылады.
Мазмұны
1.Робототехниканың жалпы түсініктемесі
2. LEGO® MINDSTORMS® EV3 роботты техника жинағында, мыңдаған LEGO роботтарын құру және басқару үшін қажетті барлық элементтер
3. LEGO® MINDSTORMS® EV3 – тапсырмалар
4. LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқыту бойынша қорытынды тесті
5. Arduino платформасы
6. Arduino модулінің оқу кешенінің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
7. Arduino микроконтроллерінің базасындағы роботтарды әзірлеудің практикалық тапсырмалары
8. Arduino модулін оқыту бойынша тапсырмалар
9. Arduino модулін оқыту қорытынды тесті
10. «Робототехника» және «робот жарыстары» бөлімін бағалау бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Достарыңызбен бөлісу: |