Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
29 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алады.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.
|
|
1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
1. Қорапта 2 стандартты емес және 4 стандартты бөлік бар. Қораптан кезекпен бірінші стандартты бөлік шыққанша алына береді. Алынған бөліктер бойынша дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім көпбұрышын және кестесін салыңыздар.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
1. Х кездейсоқ шамасы қабылдайтын барлық мүмкін мәндерді қарастырайық:
х1 = 1 – стандартты бөлік бірінші алынды;
х2 = 2 - бірінші бөлік стандартты емес, ал екіншісі стандартты;
х3 = 3 - бірінші бөлік стандартты емес, екіншісі бөлік стандартты емес, ал үшіншісі стандартты.
Ықтималдықтарды көбейту ережесін қолданып, p1, p2, p3 сәйкес келетін ықтималдықты табайық:
Х дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңы келесі түрде болады:
Абсцисса осіне Х дискретті шамасының мәнін, ал ордината осіне оған тиісті ықтималдықтарды белгілеп, үйлестірім көпбұрышын салайық:
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
|