1 Тақырып : Қылмыстың жеке түрін тергеу жүргізу әдістемесі.
1. Криминалистикалық әдістің жалпы қағидалары.
2. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы.
3. Ауыр қылмыстың қатарына жататын қылмыстар
1 Криминалистикалық әдістеме дегеніміз – ғылым ережелер жүйесін және соған негізделе отырып ұрлық, тонау, кісі өлтіру, адам ұрлау және т.б нақтылы қылмыс топтарын тергеп алдын алу үшін жасалған әдістемелік нұсқауларды көрсететін криминалистиканың тарауы. Криминалистика әдістеме негізінде «әрбір қылмыс жеке даралық тек өзіне ғана тән қасиеттерге иеленген» деген қағида жатыр; алайда дәл осы даралық қасиеттер біртектес қылмыстардың жалпы белгілерінің бірі екендігіне жорамалдап, соның арқасында осы қылмыстарды тергеудің жалпы ерекшеліктері жатады.
Криминалистика әдістеме міндеттері:
1) жалпы міндет – қылмысты ашып тергеуде және алдын алуда құқық қорғау қызметкерлеріне көмек көрсету;
2) арнайы міндеттер;
- нақтылы қылмыс түрлерінің ерекшеліктерін криминалистикалық аспектіде зерттеу.
- нақтылы қылмыстардың алдын алу және ашып тергеудегі алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау және жинақтау.
- нақтылы қылмыстардың алдын алу және ашып – тергеудегі ұйымдастыру және іске асыруға қатысты ғылыми негіздемеге нұсқауларды дайындау.
Криминалистикалық әдістеме қағидалары:
-
қылмысты тергеуде заңдылықты сақтау.
-
Әдістемелік нұсқаулардың нақтылығы.
-
Жеке криминалистикалық әдістеменің құрылымдық бірлігі.
-
Тергеудің типтік жағдайын ескере отырып дайындалған әдістемелік нұсқаулардың көп нұсқаулығы.
-
Жеке криминалистикалық әдістеменің құрылымдық бірлігі.
-
Қылмыстық процеске қатысушылар және басқа да тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
-
Тиісті қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы негізінде жеке криминалистикалық әдістемелер құру.
Криминалистикалық әдістеме жүйесінде екі негізгі бөлімді ажыратуға болады:
-
Криминалистикалық әдістеменің жалпы қағидалары.
-
Нақты қылмыс түрлерін тергеу әдістемесі (жеке криминалистикалық әдістемелер).
-
Криминалистикалық әдістеменің жалпы қағидалары – криминалистиканың осы тарауының теориялық негіздері, оның негіз қалаушы бастамасы барлық жеке криминалистикалық әдістемелерге теориялық база бола алады.
Оның элементтері:
-
криминалистика ғылымының тарауы ретіндегі криминалистикалық әдістеменің түсінігі, мәні және жүйесі;
-
криминалистикалық әдістеменің міндеттері мен қағидалары (принциптері);
-
жеке криминалистикалық әдістемелердің түсінігі, жіктемесі және құрылымы:
Жеке криминалистикалық әдістемелер дегеніміз – нақтылы қылмыс түрлерін, топтарын және санаттарынтергеу, ашу және алдын алуды ұйымдастыру және іске асыруға қатысты тәжірибелік нұсқаулар мен ғылыми зерттеулер жиынтығы. Жеке криминалистикалық әдістеменің жіктемесі әр түрлі негіздерге сай жүргізіледі:
1) қылмыстық – құқықтық санат бойынша – қылмыс түрлері бойынша кісі өлтіруді, зорлауды, ұрлықты, тонауды, шабуыл жасап тонауды, парақорлықты, алаяқтықты және т.б тергеу әдістемесі ажыратылады, яғни, қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі нормалармен көсетілген құрамдар.
2) қылмыс субъектілері бойынша жасы толмағандармен, баукеспелермен (рецидивистермен), сотталғандармен, шетелдіктермен, есі ауысқандармен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі.
3) қылмысты жасау уақыты бойынша ізін суытпай және бұрынғы жылдарда жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі.
4) қылмысты жасау орны мен шарттарына байланысты қылмыстарды тергеу әдістемесі: көлікте, курорт және туризм орындарында немесе өндіріс өңірлерінде, ауылды жерлерде, қалаларда.
5) жәбірленушінің жеке басына қарай қылмыстарды тергеу әдістемесі: шетелдіктерге қарсы, есі ауысқандарға қатысты.
6) құрамдары қылмыстық кодекспен қамтылған қылмыс түрлерінің саны бойынша қылмыстың бір түрін тергеудің нақты әдістемесін және бір немесе бірнеше біртектес қылмыс түрлерін тегеудің кешенді не жинақталған әдістемесін ажыратады.
7) көлемі бойынша қылмысты – тергеудің барлық поцесіне , яғни, оның алғашқы және келесі кезеңдеріне бағытталған, толық әдістеме және тергеудің қандай да бір кезеңіне бағытталған қысқыатылған әдістеме. Жеке криминалистикалық әдістеме құрылымы қамтитын мәселелері:
1) нақты қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасы және анықтауға жататын жағдайлар.
2) қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері және тергеудің алғашқы және келесі кезеңдерін жоспарлау.
3) алғашқы және келесі тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері.
4) тергеушінің жедел іздестіру және құқық қорғау органдарының басқа да қызметкерлерімен өзара әрекеттесу ерекшеліктері.
5) жұртшылық және ақпарат құралдарының көмегімен пайдалану ерекшеліктері.
2. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы дегеніміз – нақтылы қылмыстық әрекетті ғылыми талдаудан өткізу нәтижесі, оның белгілері мен ерекшеліктерінің жинағы. Құрамды элементтері ретінде криминалистикалық сипаттамаға енетін мәліметтер:
- қылмыстық қол сұғушылық заты туралы,
- қылмыстың нақты түрін жасау және жасырудың типтік тәсілдері және осы тәсілдерді қолдану нәтижесінде қалған әдеттегі іздері туралы;
- әдетегі қылмыскер тұлғасы иуралы;
- әдеттегі жәбірленуші тұлғасы туралы;
- қылмыстың әдеттегі жағдайлары туралы (орны, уақыты, жағдайы);
- осындай қылмыстарды жасауға итермелеген әдеттегі жағдайлар туралы.
Қылмыстық істердің бөлек санаттары бойынша анықтауға жататын жағдайлар қылмыстық кодекстегі қылмыс құрамын суреттеу негізінде анықталады, сондай – ақ қылмыстық іс жүргізу ғылымының қағидалары, дәлелдеу заты мен шегі арқылы айқындалады. Мұндай жағдайларға енетін:
-
қылмыс оқиғасы;
-
қылмыс жасаудағы айыпталушының кінәсі және қылмыс жасау ниеті;
-
айыпталушы жауаптылығының сипаты мен дәрежесіне әсер ететін жағдайлар сондай – ақ оның жеке басын сипаттайтын басқа да жағдайлар.
-
Қылмысты жасауға және жасыруға себеп болған жағдайлар.
-
Қылмыс нәтижесінде келген зардап мөлшері мен сипаты.
Қылмыстық істі қозғау және қылмысты тергеуді жоспарлау ерекшеліктері тергеудің әрбір кезеңіндегі әдеттегі тергеулік болжамдар мен типтік тергеулік жағдайларды есепке ала отырып тергеу әрекеттерін жедел іздестірушілік және басқа да шараларды тиімді жүргізу ретін анықтау жатады. Қылмысты тергеу процесін кезеңдерге бөлу арқылы тергеу әрекеттерін жүргізу реті мен оларды алғашқы және келесіге бөлу мәселелері алдын ала анықталады. Алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы тергеудің алғашқы кезеңінің төмендегідей міндеттері шешімді:
-
қылмыс оқиғасы жайлы жалпы болжамдарды тексеру;
-
зерттеуге жататын деректерді түсініп алу;
-
қандай да бір себептерге сай жоғалып кетуі мүмкін дәлелдемелерді жинау және бекіту;
-
сезіктіні ұстау және ұстауға қатысты шараларды қабылдау;
-
қылмыстан кемен материалдық зиянның орнын толтыру шараларын қабылдау;
Тергеушінің анықтау органымен , басқа да қызмет және құқвқ қорғау органдары қызметкерлерімен өзара әрекеттесуі дегеніміз тергеушінің басқарушы рөлі мен субьектілердің өзара әрекеттесуі құзыретін қатаң сақтай отырып қылмыстарды тергеуге қатысатын құзыретті органдардың бірлескен мақсатты қызметі.
Өзара әрекеттесуқағидалары :
бірлескен қызметтің заңдылық талаптарына сәйкес келуі :
өзара әрекеттесу субьектілерінің құзыреттерін қатаң сақтау ,
өзара әрекеттесудің жоспарлы болуы және оның тергеудің барлық кезеңдерінде іске асырылуы ;
Өзара әрекеттесу субьектілері ретінде алдын ала тергеу және анықтау органдары , басқа да құқық қорғау органдары -прокуратура , ішкі істер , ұлттвқ қауіпсіздік комитетті , қаржы полициясы , кеден қызметі Қазақстандағы интерполдың орталық бюросы жүреді . Өзара әрекеттесу нысандары :процесуалдық және процесуалдық емес . Өзара әрекеттесудің процесуалдық нысаны өзіне бірлескен қызметтің төмендегідей түрлерін қамтиды :
- тергеулік және іздестірушілік әрекеттерді жүргізу туралы нұсқаулар мен тапсырмаларды анықтау органымен орындау :
- бөлек тергеу әрекеттерін жүргізуде анықтаушы органымен тергеушіге көмек көрсету :
- тергеу әрекеттерін жүргізуде маманның қатысуы ;
- тергеуші тапсырмасымен сарапшының сот сараптамасын жүргізу ;
Өзара әрекеттесудің процесуалдық емес нысаны өзіне бірлескен қызметтің түрлері :
- тергеуді толық немесе бөлек тергеу әрекетін бірлесе отырып жоспарлау ;
- тергеулік - жедел іздестірушілік топты құру және онда жұмыс жасау ;
- өзара әрекеттесу субьектілерімен алынатын ақпаратпен жүиелі түрде алмасу ;
- қылмыстық іс бойынша жүргізілген жұмыс барысы мен нәтижелерін бірлесе отырып талқылау .
Қылмысты тергеуде жұртшылықты қатыстырудың негізгі бағыттарына қылмысты әшкерелеу және оны жасаған тұлғаға іздеу салу , сондай - ақ қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдайларды анықтау .Қылмысты тергеуде жұртшылықты қатыстыру кезінде тергеуші мынадай принциптерді басшылыққа алу керек ;
- қылмысты тергеуде жұртшылықтың қатысуы өз еркімен болуы керек ;
- тергеушімен алдын ала тергеу құпиялығын сақтауды қамтамасыз ету ;
- қылмысты тергеуде ат салысып жүрген жұртшылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ;
- қылмысты тергеуде ат салысып жүрген жұртшылықтың өз еркімен тергеу әрекеттерін жүргізе алмайтындығы .
Достарыңызбен бөлісу: |