10 ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
1.3 ККЖ-ның қоршаған ортаны қорғауға қатысты міндеттемелері Адамдарды және қоршаған ортаны қорғау ТШО Сара жолындағы
құндылықтардың бірі болып саналады. Ол біздің оң нәтижелерге
дұрыс жолмен жетуіміз үшін қажет.
Қоршаған ортаны қорғаудың төрт қағидасы біздің қоршаған
ортаны қорғау жауапкершілігімен қызмет жүргізетін
міндеттемемізді айқындайды:
f
Шешім қабылдау кезінде қоршаған ортаны ескеру Барлығымыз да қоршаған ортаға әсерін тигізуі мүмкін
шешімдерді қабылдаймыз. Күнделікті жұмыстарымыздан
бастап күрделі жобаларға дейін біз қоршаған ортаны ескере
отырып, оңтайлы шешімдерді қабылдаймыз.
f
Қоршаған ортаға тиетін салдарды азайту Біз бизнес процестерімізді қоршаған ортаны қорғау
тәуекелдерін анықтап, басқару және активтеріміздің бүкіл
мерзімі бойынша қоршаған ортаға ықтимал әсерлерді азайту
үшін қолданамыз.
f
Өндіріске жауапкершілікпен қарау Біз өндірісті оңтайландыру қағидаларын қолданып, зиянды
заттардың апаттық шығарылуын болдырмау үшін сенімділік
пен технологиялық қауіпсіздікті жетілдіреміз.
f
Өзімізге тиесілі алаңдарды басқару Біз пайдаланыстағы және бұрынғы алаңдарды қайтадан тиімді
пайдалану мақсатында оларды пайдаланудан шығарамыз,
түзетеміз және қалпына келтіреміз.
ККЖ күнделікті шешімдеріне бағыт-бағдар беретін кешенді
өндірісті пайдалану қағидаларын қолданады. Олардың мақсаты
қоршаған ортаны, адамды және жабдықтарды қорғауды
көздейді. ККЖ талаптарына жауап беру мақсатында қауіпсіздік
техникасының негізгі қағидалары мен өндірісті оңтайландырудың
негізгі қағидалары сақталынбақ:
Қауіпсіздік техникасының негізгі қағидалары f
Жұмысты қауіпсіз орында не мүлде орындама
f
Әрқашан жұмысты дұрыс орындауға уақыт табылады.
11 ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Қауіпсіздік ұғымына тек адамдарды ғана емес, сонымен қатар
қоршаған орта мен қоғамды қорғау кіреді.