1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау І нұсқа


«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті»



бет11/77
Дата24.11.2023
өлшемі5.66 Mb.
#484351
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
10 КЛАСС БЖБ ТЖБ (1)

«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті»
ІІ нұсқа


Оқу мақсаты



10.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға
қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, презентация);
10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық
мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Бағалау критерийі



Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма.


Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Әлемдік кино өнері тарихымен салыстырғанда қазақ жерінде кино өндірісі кешеуілдеп дамыды. 1920 жылдарға дейін Қазақстан өңірінде кино өндірісі әлі қалыптаса қоймады. Себебі, қазақ кино мамандары әлі қалыптаспаған болатын. Сондықтан сол кезеңде басты міндет – қазақ жерінде кино өнерін кеңінен насихаттау болатын.
Ең алғашқы киносеанс 1910 жылы Верный (қазіргі Алматы) қаласында ұйымдастырылды. Рас, ірі кәсіпкерлер киносеанстарды табыс көру мақсатымен қойды. Алайда бұлар қазақ киносының кірпішін қалады. Ол кәсіпкерлер: Фабри мен ташкенттік Сейфуллин болатын.
1921 жылдың қазанында Бүкілодақтық Фотокино өндірісінің Қазақстандағы бөлімі құрылды. Олар облыс орталықтарына кино қондырғылар жүйесін құру, жылжымалы киноқондырғылар жүйесін ұйымдастыру секілді жұмыстарды міндет етіп қойды. Осының нәтижесінде біраз жұмыстар өз жемісін берді. Осыдан бастап киноқондырғылар саны қазақ жерінде өсе бастады. Сондықтан мамандардың қажеттілігі туындады.
Қазақстанның ірі қалаларында киномеханиктер, техниктер, киноинженерлер, кинофикация жүйесіне мамандар даярлайтын қысқамерзімдік курстар ашыла бастады. Осындай курстардың бірі Қызылорда қаласында ашылды. Осы курстың алғашқы түлектері киноқондырғылардың жұмысын меңгеріп, шалғай ауылдарды кино өнерімен таныстыру кеңінен орын алды.
(151 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет