Балл қою кестесі
Тыңдалым
Сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
Жалпы балл
|
1
|
сандық сазамат
интернет картасы
тиімді пайдалануға
|
3
|
10
|
Мәтіндегі мәліметті (Смарт қоғам. Смарт оқыту) салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Жауаптарыңыздысөзтіркесіменберіңіз.
|
Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Білім алушы жауабы ескеріледі.
|
3
|
Сіз қай көзқарасты жақтайсыз? Неге? Мәтінмен байланыстыра отырып, көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
|
Мәтінге байланысты өз көзқарасын білдіреді. Білім алушы жауабы ескеріледі.
|
2
|
«Сандық сауаттылық-уақыт сұранысы ма?» деген сауалға ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
|
Берілген сауалға байланысты өз ойын 2-3 сөйлеммен білдіреді.Білім алушы жауабы ескеріледі.
|
2
|
Қорытынды
Қазақ тілі мен әдебиеті қазақстандық қоғамдағы әрбір жеке тұлға өмірінде бірегей қызмет атқарады. Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік және қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің қоғамдағы маңызды қызметі мен рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын ғылыми танымдық тұрғыдан түсініп меңгеруге, коммуникактивтік тілдесім әрекетіндегі тілдік бірліктердің функционалдық қасиеттерін саналы түрде қолдануға, әрбір тілдік бірліктің ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға дағдыландырады.
«Жиынтық бағалау тапсырмалары жинағын» құрастырудағы басты мақсатымыз жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім алушылардың дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін тапсырмаларды іріктеу арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту болып табылады. Сондай-ақ сана әлеуеті жоғары дамыған, жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын ұрпақ қалыптастыру.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 10-сыныпқа арналған «Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы» білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім алушылардың алған білімін қолдана алуды, тілдік дағдыларды меңгерудегі оқу жетістіктерін анықтауды, грамматикалық тақырыптар бойынша берілген ережелерді түсінуді және меңгерген білімін шынайы өмірде пайдалануды үйретуге бағытталған.
Жиынтық бағалау тапсырмалары оқушының тілдік сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және оқушының ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
Білім алушылар қазақ тілі мен әдебиеті арқылы өз білімдерін қажетті жағдайларда қолдануды үйренеді, соның нәтижесінде олардың бәсекеге қабілеттілігі артып, өмірде туындайтын әртүрлі қиындықтарды еңсеру барысында қолдануға мүмкіндік алады.«Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы» пән аясында оқушылардың қол жеткізуі көзделетін оқу мақсаттарына сай құрастырылған.
Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар білім алушының тілдік сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және оқушының ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |