10 желтоқсандағы №13/193 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі31.2 Kb.
#10066


5 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ

Ақтау қаласы № 18/280 30 шілде 2014 жыл




«Маңғыстау облысының қалалары

мен елді мекендердің аумақтарын

абаттандыру Қағидасы туралы»

облыстық мәслихаттың 2013 жылғы

10 желтоқсандағы № 13/193 шешіміне

өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына және Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 02-11-1374 хатына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



  1. «Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/193 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2348 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2014 жылғы 1 ақпанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

шешімнің тақырыбы келесі редакцияда оқылсын:

«Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы».

«4. Аумақтарды күтіп ұстау мен тазартудың жалпы тәртібі» тарауындағы: 14-тармақ мына мағынадағы азат жолдарымен толықтырылсын:

«Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату елді мекеннің қатты тұрмыстық қалдықтар зауытында, полигонында жүргізіледі.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жайғастыру және ұстау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төрағалық етуші,    

облыстық мәслихат хатшысы        Б. Жүсіпов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы ауыл

шаруашылығы министрлiгiнiң ветеринариялық

бақылау және қадағалау комитетi

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________ Қ. Мырзатов

«____» ___________ 2014 жыл

«Қазақстан Республикасы тұтынушылардың

құқықтарын қорғау Агенттігі

Маңғыстау облысының тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________ М. Қадыр

«____» ___________ 2014 жыл

«Маңғыстау облысының жер қатынастары

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________ Е. Дүзмағамбетов

«____» ___________ 2014 жыл

«Маңғыстау облысының құрылыс

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________О. Аяпов

«____» ___________ 2014 жыл


«Маңғыстау облысының сәулет және

қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік

мекемесі басшысының міндетін атқарушы

______________ З. Байғожаева

«___» ____________ 2014 жыл

«Маңғыстау облысының табиғи

ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_________________ А. Дулат

«___» ____________ 2014 жыл

«Маңғыстау облысының

iшкi iстер департаментi»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

_______________ Қ. Дәлбеков



«___» ___________ 2014 жыл




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет