10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна


Салалық және кәсіби бағдарлы терминдер



бет33/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Қазақ тілі

Салалық және кәсіби бағдарлы терминдер

 

Тіл – адам қолданатын құралдың ең маңыздысы. Тіл – ұлттың болмысын, менталитетін көрсететін айна. Тіл бірнеше қызметті атқарады. Оның негізгісі - коммуникативтік қызмет. Яғни адам мен адамның қарым-қатынасын орнатады. Тіл - ғылымның даму көрсеткіші. Тіл кәсіби бағдарлы қолданылғанда белгілі бір саланың жекелеген терминдері анықталады. Тілдегі терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби салалардың, өндірістік салалардың дамуын бейнелейді.

Термин - тілдің өзгеше категориясы. Себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның дамуы мүмкін емес.

Тілдегі терминдер Қазақстан Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясымен реттеліп отырады. Республикалық терминологиялық комиссия ҚР Үкіметінің 1998 жылғы қаулысымен бекітілді. Аталған комиссия салалар бойынша терминдерді заңдастырып, бекітіп отырады.

Термин сөздер ғылымның барлық саласында кездеседі:

1.Әдебиет пен өнерге байланысты терминдер: роман, театр, филармония, актер, образ, дирижер, режиссер.

2.Лингвистикаға байланысты терминдер: лексика, фонетика, морфология, синтаксис, омоним, орфография, архаизм,бастауыш,баяндауыш т.б.

3.Спортқа байланысты терминдер: футбол, баскетбол, волейбол, хоккей, шахмат, бокс, акробат т.б.

Ғылымға байланысты терминдер: математика, синус, биссиктриса, көбейту, косинус, химия, азот, хлор, азон т.б.

Қосымша: Интернацианалдық термин – әлемнің көптеген елдерінде бір атаумен қолданылатын термин. Мысалы, фонетика, грамматика, экология, бизнес т.б.

Тапсырмалар:

  • Мәтінді тыңдаңыз.
  • Мәтінді оқыңыз.
  • Жаңа сөздерді теріп жазып, олармен жұмыс жасаңыз.
  • Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
  • Мәтінді болымсыз формада және сұраулы сөйлем түрінде оқып шығыңыз.
  • Салалық терминдерге мысал келтіріңіз.
  • Қазіргі ғылымдағы ең жаңа терминдерге мысалдарды жазып келіңіз.
  • Тұрақты тіркестерді еске түсіріңіз.
  • Салалық және кәсіби бағдарлы терминдер туралы әңгімелеңіз.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет