10 сынып ІІІ оқу тоқсанына Дүние жүзі тарихынан Қоғамдық-гуманитарлық бағыт Қысқа мерзімді жоспар



бет1/48
Дата13.10.2022
өлшемі2.71 Mb.
#462612
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
472 бұйрық-10 сынып-ІІІтоқсан-дүние


10 сынып ІІІ оқу тоқсанына Дүние жүзі тарихынан
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
Қысқа мерзімді жоспар.

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Дүние жүзі тарихы

Бөлім:

3-бөлім. Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан
3.1. бөлімше Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің пайда болу теориялары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін «мемлекет», «билік», «басқару институты» терминдерін қолдану;

Сабақтың мақсаты

тарихи оқиғаларды және мемлекеттік қалыптастыру процестерін талдап,мемлекеттердің пайда болу тарихын анықтау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру



Тақырыпқа шығу

1.Суреттерде не көріп отырсыздар?
2.Не ерекше болды?
3.Тақырыпты болжап көріңіз....
Болжамдарын негіздейді

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Суреттерге қарай отырып бүкіл сыныптық талқылау арқылы тақырыпқа шығады



ҚБ Мұғалім кері байланыс беріп отырады



Тақырып
тық суреттер
https://yandex.kz/images/search?pos=29&from=tabbar



Жаңа білім
!!!!!!!!!!!!!!!!Қажет еткен әріптестер үшін....бағалар
87027984413



Мәтінмен жұмыс

  1. Мемлекет

  2. Саяси институт

  3. Мемлекет формаларының типологиясы

Сәйкестендіру жұмысы
Оқушыларға мемлекеттің пайда болу теориялары туралы мәтіндер мен мемлекеттің шығу теорияларының атаулары жазылған карточкалар жиынтығын таратып беру.
Бейнебаянмен жұмыс.
Тапсырма: Мемлекеттің құрылымы туралы теорияны анықтау.
Зерттеу жұмысы
Оқушыларға зерттеу жүргізуді ұсыну:


1.Мемлекеттің түрлі нысандары мен типтерінің өмір сүруінің тарихи тәжірибесін зерттейді және мемлекеттің пайда болу теорияларымен себеп-салдарлық байланыстарын табады. (Мемлекеттің тарихи типтері: құл иеленушілік, феодалды, буржуазиялық және социалистік). Мысалдар келтіреді.
2.Мемлекеттің монархиялық түрінің өмір сүруінің тарихи тәжірибесін (Абсолютті монархия: билеушінің шексіз билігі (Сауд Арабиясы, Оман, Катар, Бруней) мен конституциялық (Англия, Бельгия, Дания) және де мемлекеттің шығу тегі теорияларымен себеп-салдарлық байланыстарын табу.
3.Парламенттік (Канада, Австралия, Үндістан), президенттік (АҚШ, Латын Америкасы) және аралас (Польша, Португалия, Болгария, Ресей) республика түрлерінің тарихи тәжірибесін зерттеу.
Зерттеу жұмыстарының презентациясын ұйымдастыру.
Жеке жұмыс.
1.IDEA әдісі бойынша Қазақстан Республикасының үлгісінде біздің мемлекетіміздің тарихы үшін түрлі тарихи дәуірлерде мемлекеттің пайда болуының қандай теориялары тән болғанын бағалау.



I-Identify) - мәселенің себептерін анықтау




D (Describe) - сәйкесінше дәлелдерді сипаттау




E (Explain) - осы себептердің мәселеге қалай ықпал еткенін түсіндіру




A (Analyze) - осы себептердің маныздылығына талдау жасау




2.Мемлекеттің пайда болу теорияларын өз анықтамаларымен сәйкестендіріңіз

Патриархтық




теория Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды

Қоғамдық келісім теориясы




Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.

Теологиялық теория




Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.

Зорлық жасау теориясы




Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.

Географиялық теория




Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

Психологиялық теория




Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

Марксистік теория




Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.




Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды;
Оқушылар карточкаларды сәйкестендіреді;


Дескриптор
мемлекеттің тарихи түрлерін айқындайды, олардың мысалдарын және олардың арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді;
монархияның түрлі нысандарын талдайды, мысалдар келтіреді
республикалардың түрлі нысандарын талдайды, мысалдар келтіреді
Дескриптор
Қазақстан Республикасының үлгісінде біздің мемлекетіміздің тарихы үшін түрлі тарихи дәуірлерде мемлекеттің пайда болуының теорияларын анықтайды;
Мемлекеттің пайда болу теорияларын өз анықтамаларымен сәйкестендіреді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет