10-сынып /жмб/ оқушыларына арналған емтихан тапсырмалары 2023-2024 оқу жылы І нұсқа Қамтылған оқу мақсаттары



бет1/3
Дата30.05.2024
өлшемі20.41 Kb.
#502077
  1   2   3
10 -сынып ЖМБ 1-нұсқа


10-сынып /ЖМБ/ оқушыларына арналған емтихан тапсырмалары
2023-2024 оқу жылы
І нұсқа
Қамтылған оқу мақсаттары:
10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу;
10.3.3.1 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);
11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
І. Оқылым [1 балл]
1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беріп, пікір білдіріңіз.
Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» - деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан. Атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды қайдан тауып ішетінін, жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хиқаяларын әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де тәрбие екенін жастайынан баланың бойына сіңіріп отырған. Жас ұрпақты бұлай тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген
Адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап отырған. Қазақ баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел басқартқан, шешендік сөз өнеріне қатыстырып тәлім берген.
ХІХ ғасырда қазақ тұрмысын зерттеушілер қазақтардың әрі қамқор, әрі мейірімді ата-аналар, ал қазақ балаларының мықты, төзімді және алғыр екенін атап өткен. Баланы лайықты тәрбиелеуге қазақтар тек олар 5-6 жасқа толғанда ғана шындап кіріскен. Осы кезде оларды жынысына қарай айыру негізінен стихиялық сипат алған. Бұл балаларды кішкентайынан біртіндеп шамалары келетін үй жұмыстарына тартудан көрінген. Ұл балалар үйдегі еркектерге мал қарауға көмектессе, қыз балалар тамақ әзірлеу, кір жуу, үй жинау, жүн өндеу сияқты әйел ісіне қатысып, анасына кішкентай сіңлілері мен інілерін бағуға көмектескен.
Халқымыз ұл баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта да ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. «Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас» деген қазақтың ұлттық таным-түсінігі бар Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мақтайды. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет