103 қаулысымен жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары бекітілді. Субсидиялауға жататын бағыттар



Дата07.07.2016
өлшемі68.81 Kb.
#182983
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы

103 қаулысымен жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары бекітілді.


Субсидиялауға жататын бағыттар:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

- ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу;

- асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малын сатып алу;

- асыл тұқымды қой, жылқы, шошқа, түйе, марал сатып алу;

- ата-тектік, ата-енелік нысандарды ұстайтын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды, сондай-ақ асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алу;

- жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп- бағу;

- жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу;

2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға:

- бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу;

- сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн, түйе етін, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi және күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа), сүт, қымыз, шұбатты, биязы жүнді қойлардың жүнiн (бұдан әрi – биязы жүн) өндiру үшiн пайдаланылатын малдар мен құстарға арналған азықтың құнын арзандату.

Бюджеттік субсидиялар нормативтері

1) Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы 18 000 теңге 1 басқа

- асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы 20 000 теңге 1 басқа

2) Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

- отандық асыл тұқымды ірі қара мал 154 000 теңге 1 басқа

- импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде) 118 000 теңге 1 басқа

3) Қой шаруашылығы

- Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы 1 500 теңге 1 басқа

- Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу 8 000 теңге 1 басқа

4) Жылқы шаруашылығы

- Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу 40 000 теңге 1 басқа

5) Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату

1-деңгей 1 кг өндірілген сүтке 25 теңге

2-деңгей 1 кг өндірілген сүтке 15 теңге

3-деңгей 1 кг өндірілген сүтке 10 теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды беруге үміткер тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

1) Ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

- Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖС-да тіркелуі.

- Ірі қара малдың барлық мал басының АСЖ-да тіркелуінің болуы.

- Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:

- зоотехникалық нормативтерге сәйкес етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды шағылыстыру кезеңі бойында және ротациялауда өсімін молайтуға пайдалану (отыз бас шағылыстыру контингентіне бір бұқадан кем емес, бұқаны қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау);

- оларды өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында осы тауарлы табынның

барлық тұқымсыз бұқаларын піштіру.

2) Қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

- Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің және олардың АЖС-да тіркелуінің болуы.

- Қойдың барлық мал басының АСЖ-да тіркелуінің болуы.

- Қойдың 600 бастан кем емес аналық мал басының болуы.

- Тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін

қосымша:

- асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды шағылыстыру кезеңі бойында зоотехникалық нормативтерге сәйкес және ротациялауда өсімін молайту үшін пайдалану (шағылыстыру контингентінің отыз басына бір қошқардан кем емес, тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау);

- өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында табындағы барлық тұқымсыз қошқарларды піштіру.

3) Тауар өндірушілердің асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алуы

- Сатып алатын ірі қара малдың жасы оларды тауар өндірушіде карантинге қойған сәтте:

қашарлар – 18 айдан, құнажындар және бұқалар – 26 айдан аспайды.

- Зоотехникалық қырылу нормасының шегінде өсімін молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын кемінде екі жыл, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды – кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану (жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін сатып алынған асыл тұқымды қымдық бұқаларды есепке алмағанда).

- Табынды өсімін молайту үшін сатып алынған ірі қара малды тек Қазақстан Республикасының

аумағында үш жыл ішінде пайдалану.

4) Тауар өндірушілердің асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және

маралдарды сатып алуы

- қойлар: тұсақтар – 18 айға дейін; қошқарлар – 18 айға дейін;

- жылқылар: байталдар – 3 жасқа дейін; сәуріктер – 5 жасқа дейін;

- Асыл тұқымды малды отандық асыл тұқымды зауыттардан және шаруашылықтардан сатып

алу.

5) Барлық деңгей үшін сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар:



- Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу;

- Малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын АЖС-да тіркеу

1-деңгей

- Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық мал басының (2 жастан

ересек) болуы 400 бастан кем емес

- Сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық мал басы (алдыңғы жылдың қорытындысы): 350 бастан кем емес

- Табын бойынша орташа сауым (алдыңғы жылдың қорытындысы): 4500 кг кем емес

- Тиiстi инфрақұрылымы бар заманауи сүт кешенiнiң (механикаландырылған сауу, көң шығару

және жем-шөп тарату, автосуару және жем-шөп цехы) болуы

2-деңгей


- Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық мал басының (2 жастан

ересек) болуы 400 бастан кем емес

- Сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық мал басы (алдыңғы жылдың қорытындысы): 240 бастан кем емес

- Табын бойынша орташа сауым (алдыңғы жылдың қорытындысы): 3500 кг кем емес

- Машинамен сауудың болуы

3-деңгей


- Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық мал басының (2 жастан

ересек) болуы 100 бастан кем емес

- Сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық мал басы (алдыңғы жылдың қорытындысы): 60 бастан кем емес

- Табын бойынша орташа сауым (алдыңғы жылдың қорытындысы): 2500 кг кем емес

- Тасымалды сауу қондырғыларын қоса есептегенде, машиналы сауудың болуы

Тауар өндірушілер субсидиялау бағыттарына сәйкес субсидиялар алу үшін өтінімге

қосымша төмендегі құжаттарды қоса береді:

1) Етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық

және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

- консалтингтік сүйемелдеу туралы шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

2) асыл тұқымды зауыттарда және шаруашылықтарда асыл тұқымды қойлардың аналық мал

басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

- консалтингтік сүйемелдеу туралы шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

- шығу тегін растау үшін 1:10 қатынасында төлге генетикалық сараптаманың түпнұсқасы мен

көшірмесі;

- қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін техниканың болуын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері немесе қойлардың аналық мал басына қолдан ұрықтандыру жүргізуге дистрибьютерлік орталықпен шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

3) асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу;

- малдарды сатып алу – өткізу/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;

- малдарды сатып алу – өткізу шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;

- асыл тұқымды куәліктің (сертификаттың) және/немесе асыл тұқымды және селекциялық ірі

қара малға селекциялық карточканың түпнұсқасы мен көшірмесі;

- жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

- тауар өндірушіден карантиннен алу туралы актісінің түпнұсқасы және көшірмесі (шетелден

асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алған жағдайда);

- сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды пайдалану туралы келісім;

- консалтингтік сүйемелдеу туралы шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

- ДНК-куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (тұқымдық бұқаларды шетелден сатып алған

жағдайда);

4) асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып

алған жағдайда:

- асыл тұқымды жануарларды сатып алу-сату/лизингілеу туралы шартының түпнұсқасы мен

көшірмесі;

- асыл тұқымды малдарды сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын

төлем


- құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;

- асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасы мен

көшірмесі;

- жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

- сатып алынған асыл тұқымды жануарларды пайдалану туралы келісім;

Мынадай жағдайларда бөлім көрсетілген мерзім ішінде тауар өндірушінің қызмет орнына зоотехникалық есепті жүргізудің алғашқы құжаттарын (малдың қозғалысы туралы есепті, өнім өндіру журналын қоса алғанда) салыстырып тексеру үшін жол жүруді жүзеге асырады:

1) жеке бағыт бойынша алғашқы рет субсидия алуға өтінім беру;

2) берілген субсидиялау деңгейін арттыру өткен айда субсидия алу өтінімен салыстырғанда;

3) жеке бағыт бойынша берілген өтінім көлемдерінің өткен айдың өтінімдерінен жиырма

пайыздан аса артық болғанда.

Ұсынылған құжаттар топтамасы толық емес немесе өлшемдер мен талаптарға сәйкес болмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде тауар өндірушілерге барлық сәйкессіздіктер мен негіздеулерді қайтарады.

Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған субсидия алу өтінімін қайта енгізе



алады.

Толық ақпаратты «Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 9-05-50 телефон арқылы хабарласуыңыз болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет