- 12.1 Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау қағидалары, әдістері мен тәсілдері
- 12.2 Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық және қаржы- экономикалық қызметін талдау
- 12. 3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері
12.1 Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау қағидалары, әдістері мен тәсілдері Кәсіпекерлік қызметтің тиімділігін бағалау – ол кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын интегралды ( рейтингтік) бағалауды білдіреді. Кәсіпорынның қаржы- экономикалық жағдайын объективті бағалауға өндірістік – шаруашылық қызметке қатысушылырдың барлығы мұқтаж. Кәсіпорынның менеджерлері үшін олар қабылдайтын шешімдердің , сондай- ақ , материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін және алынған соңғы қаржылық нәтижелерді бағалау үшін маңызды. Кәсіпорынның менеджерлері үшін олар қабылдайтын шешімдердің , сондай- ақ , материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін және алынған соңғы қаржылық нәтижелерді бағалау үшін маңызды. Меншік иелеріне ( соның ішінде акционерлер) бизнеске салынған қаражаттың қайтымдылығы, кәсіпорынның рентабельділігі, сондай- ақ экономикалық тәуекелдің деңгейі және капиталды жоғалту ықтималдылығы қандай дәрежеде екендігін білу маңызды. Меншік иелеріне ( соның ішінде акционерлер) бизнеске салынған қаражаттың қайтымдылығы, кәсіпорынның рентабельділігі, сондай- ақ экономикалық тәуекелдің деңгейі және капиталды жоғалту ықтималдылығы қандай дәрежеде екендігін білу маңызды. - Жеткізушілер үшін олардың жеткізген материалдық ресурстары, орындаған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін төлем жасау мүмкіншілігін бағалау маңызды.
Кредиторлар мен инвесторлар берілген несиелерді қайтару мен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін бағалау қызықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |