Спирттердің қасиеттерін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Мысал ретінде этил спиртін алып, бір атомды қаныққан спирттердің физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу.
Реактивтер мен жабдықтар: абсолюттік этил спирті, пропил спирті, глицерин, калий иодидіндегі иод ерітіндісі, изопропил спирті, натрий металы, газ жүретін түтікшелі тығын, фенолфталеин, пробиркалар, мыс сымы, калий дихроматы, концентрлі күкірт қышқылы, спирт шамы, 2н. натрий гидроксиді
1-тәжірибе. Натрий алкоголятын алу және оның қасиеті
Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 4-5 мл абсолютті этил спиртті құйып, оның үстіне тазартылған металл натрий түйірін салады. Пробирканы газ жүретін түтікшелі тығынмен жабыңдар. Бөлінген газды жағыңдар. Пробирканы суытқаннан кейін 1-2 мл дистилденген су қосып, фенолфталеин ерітіндісін тамызыңдар.
2-тәжірибе. Спирттердің тотығуы
Жұмыс барысы: Пробиркаға 10 тамшы этил спиртін құяды. Мыс сымын қара түсті мыс оксидіне айналғанша қыздырады да пайда болған мыс (ІІ) оксидін спирті бар пробиркаға салады. Сонда сірке альдегидінің иісі сезіледі. Бұл кезде мыс (ІІ) оксиді мысқа дейін тотықсызданады. Оны мына реакциядан көруге болады.
2Сu + O2 2CuO
CH3CH2OH + CuO H2O + CH3CHO + Cu
Пробиркаға 3 тамшы этил спиртін, калий дихроматының түйірін және бірнеше тамшы концентрленген күкірт қышқылын құяды. Қоспаны баяу қыздырады. Сол кезде ерітіндінің түсі жойылып, сірке альдегидінің иісі сезіледі. Хром алты валенттіктен үш валентікке дейін тотықсызданады.
3С2Н5ОН + К2Сr2О7 + 4Н2SO4 К2SO4 + Сr2(SO4)3 + 7Н2О + 3СН3СНО
3-тәжірибе. Спирттердегі суды айқындау және спирттерді сусыздандыру
Жұмыс барысы: Екі пробиркаға 0,5г сусыз мыс(ІІ) сульфатын салып, 1 мл –ден этил және изопропил спирттерін құяды. Пробиркалардағы заттарды жақсылап шайқап, біраз тыныш қалдырады. Байқаған құбылыстарды сыйпаттап, реакциялар теңдеулерін жазу керек. Бұл реакцияны не үшін қолданады? Бұл жағдай үшін тағы қандай реагенттер қолданылады? Оларды қалай атайды?
4-тәжірибе. Спирттен йодоформның түзілуі
Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,5мл этил спиртін және 3-4 тамшы калий иодидінде еріген йод ерітіндісін құяды да араластырады, сосын 0,5мл натрий гидроксидін қосады. Қоспаны аздап қыздырады(қолмен қыздырса да болады), сонда ақ түсті өзіне тән иісі бар йодоформ қалқымасы (тұнбасы) пайда болады.Егер қалқыма жоғалса, тағы 2-3 тамшы йод ерітіндісін тамызу қажет. Бірер минуттан соң кристалдар пайда болады. Дәл осылай пропонол-1 спиртімен тәжірибені қайталау керек. Реакция теңдеуін жазу керек. Кристалдың түсі қандай? Екі спиртпен де осы реакция бірдей жүрді ме? Осы реакцияны спирттерге сапалық реакция деп айтуға бола ма?
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Натрий этилатының түзілу реакциясын жазыңдар.
2. Сутек бөлінуі тоқталған соң су қосқанда ақ тұңбаның жойылуын түсіндіру керек.
3. Этиленнен сірке альдегидін алу үшін жүргізілетін реакция теңдеулерін жазу керек.
4. Натрий пропилатының алу тәсілдерін көрсету керек.
5. Спирттерді сусыздандыру үшін концентрлі күкірт қышқылын қолдануға бола ма? Ректификат-спиртте су бола ма?
6. Келесі ауысуларды жүзеге асыру керек
СаС2 С2Н2 С2Н4 С2Н5ОН С2Н5ОNa
ЖАЙ ЭФИРЛЕР
Жай эфирлердің түзілуі. Оларды алу.
Физикалық және химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Жай эфирлерді су молекулаларындағы екі сутегі атомдары алкил радикалдарына ауысқан деп не спирттің гидроксиліндегі сутегі атомы бір алкил радикалына ауысқан деп қарауға болады. Жай эфирлердің жалпы формуласы R – О - R не R – О - R1. Бірінші жағдайда екі радикал бірдей, екінші эфирде – радикалдар әртүрлі, сондықтан олар аралас эфирлер деп аталады. Жалпы формулалары СnH2n+2O бойынша эфирлер спирттерге изомер болады. Жай эфирлердің изомерлері мен номенклатурасы (атауы) радикалдар сипаттарына байланысты.
СН3-О-СН3 диметил эфирі; С2Н5-О-С2Н5 диэтил эфирі; СН3-О-С2Н5метилэтил эфирі.
Алу әдістері
1. Галогентуындылардың алкоголяттармен реакциясы - Вильямсон реакциясы:
С2Н5ОNа +І – С2Н5 → (С2Н5)2О + NаІ
2. Спирттердің (Н2SO4 конц.қатысында) дегидратациясы
Физикалық және химиялық қасиеттері
Метил- және метилэтилэфирлері - газдар. Басқа жай эфирлер сұйық заттар. Эфирлер суда жаман ериді, тығыздықтары бірден төмен, өздеріне тән хош иістері болады.Сәйкес спирттерге қарағанда қайнау температуралары төмен, себебі эфирлер молекулалары арасында сутектік байланыс жоқ. Жай эфирлер бейтарап, активтіктері төмен қосылыстар. Сұйылтылған минералды қышқылдар, сілтілер, металл натрий, РСl5 суық жағдайда жай эфирлерге әсер етпейді.
1. Жай эфирлер қышқылдарды қосып алады, қышқылдың протоны эфир оттегісінің бөлінбеген электрондарына қосылып, аммоний тұздары сияқты оксоний тұздарын түзеді:
(C2H5)2O + НСl [(C2H5)2O-H]+Cl-
2. Ацидолиз. Концентрлі қышқылдар (Н2SO4, НІ) жай эфирлерді бұзады:
(С2Н5)2О + 2Н2SO4 → 2С2Н5ОSO3Н – этилсульфат
3. Металл натрий да қыздырған кезде жай эфирлерді бұзады:
(С2Н5)2О + 2 Nа → С2Н5ОNа + С2Н5Nа (П.П. Шорыгин реакциясы)
Ең көп қолданылатын жай эфир - этил эфирі, эфирді сақтаған кезде ол тотығып, жарылғыш перекисті қосылыс түзеді, сондықтан эфирді қолданбастан бұрын тексеру керек: ол үшін эфир үлгісін калий иодидінің ерітіндісімен шайқағанда перекись болса, иод бөлінеді. Эфирді тазалау үшін FеSO4 ерітіндісін қолданады.
Этил эфирі еріткіш ретінде, медицина наркоз ретінде қолданылады.
№ 7 Зертханалық сабақтың тақырыбы
Жай эфирлер алу және химиялық қасиеттері
Жұмыстың мақсаты: Жай эфирлерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу.
Реактивтер мен құралдар: амил спирті, сірке қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, этанол, 2н. натрий гидроксиді, спирт шамы, пробиркалар.
1- тәжірибе. Диэтил эфирін алу
Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 0,5 мл-ден этанол және концентрлі күкірт қышқылдарын құйып, қоспаны абайлап қоңыр ерітінді түзілгенге дейін қыздырады да ыстық қоспа үстіне абайлап тағы 0,5 мл этил спиртін қосады. Реакция теңдеулерін жазу керек. Диэтил эфирінің түзілгенін қалай анықтауға болады?
2 – тәжірибе. Жай эфирлердің айрылуы
1-ші тәжірибе нәтижесінде алынған жай эфирді пробиркаға құйып, үстеріне 2 мл-дей натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу керек. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу керек.
Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар
1. Жай эфирлердің номенклатурасы. 2-метоксибутан, этилизопропил эфирі, метоксиэтан эфирі формулаларын жазу керек.
2. Этил эфирі түзілген кезде реакция қандай аралық сатылар арқылы жүреді?
3. Неге реакция аздап қыздыру арқылы жүргізеді? Бұл реакцияда қандай қосымша өнімдер түзілуі мүмкін?
4. Реакция өнімінің құрамына этил спирті мен күкірт қышқылының қатынасы әсер ете ме?
5. Этил эфирінің қолданылуы.
Спирттер, жай эфирлер тақырыбына есептер мен жаттығулар
1. Изомерия және номенклатура
1.1. С4Н10О спирт изомерлерінің (4 изомер) формулаларын жазып, а) радикалды-функционалды; б) халықаралық; в) рационалды номенклатуралар бойынша атау керек. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсету керек.
1.2. С5Н11ОН спирт изомерлерін (8 изомер) жазу керек, біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерді көрсетіп, халықаралық жүйелік номенклатура бойынша атау керек.
1.3. а) 2-метил-3-гексанол; б) 3-метил-3-гексанол; в) 3-этил-3гексанол; г) 2,2,3,4-тетраметил-3-пентанол; д) 2,2,3,4,4-пентаметил-3-гексанол структуралық формулаларын жазу қажет.
1.4. а) 1,2-этандиол (этиленгликоль); б) 1,1-этандиол; в) 1,3-пропандиол екі атомды спирттердің формуласын жазу керек.
1.5. а) 1,2,3-пропантриол; б) 1,1,1-пропантриол үш атомды спирттердің формулаларын жазу керек.
1.6. С4Н8О қанықпаған спирттердің (8 изомер) изомерлерін жазып, аттарын атау қажет. Спирттердің изомерлену кестесін жазу керек.
2. Химиялық қасиеттері
2.1. Пропил спирті мен изопропил спиртінің а) натриймен; б) магниймен реакция теңдеулерін жазу керек, алынған заттардың аттарын атау қажет.
2.2. а) 2-метил-1-пропанол натрий алкоголятының; б) натрий бутилатының; в) калий изопропилатының; г) магний метилатының алу реакцияларының және гидролиз процестерінің теңдеулерін жазу керек. Гидролиз нәтижесінде түзілген заттардың аттарын атау қажет.
2.3. Концентрлі тұз қышқылымен (мырыш хлориді қатысында) мына заттардың а) изопропил спиртінің б) бутил спиртінің в) 2-пентанолдың реакция теңдеулерін жазып, алынған қосылыстардың аттарын атау қажет.
2.4. а) пропил спиртінің фосфор пентахлоридімен; б) этил спиртінің фосфор трихлоридімен; в) 3-метил-1-бутанолдың фосфор трибромидімен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазу қажет.
2.5. а) 3-метил-1-хлорбутан; б) 2,2-диметил-1-бромгексан; в) 3,3-диметил-2-иодгептан; г) иодизопропан, осы заттарға сілтінің сулы ерітіндісімен әсер еткенде қандай спирттер түзіледі? Реакциялар кестелерін жазып, түзілген спирттердің аттарын атау қажет.
2.6. Галогентуындылардың гидролизі әсерінен мына спирттердің түзілуінің: а) 1,3-пропандиол; б) 2-метил-1,4-бутандиол реакция теңдеулерін жазу керек.
2.7. Мына көмірсутектерден а) СН2=CH-CH2-CH3; б) СН3-СН(СН3)-СН=CH2; в) СН3-СН=CH-CH3 гликольдер алу реакция теңдеулерін жазу керек.
2.8. 9,2 г натрий 100 мл этил спиртімен (96%-ті, ρ = 0,8 г/мл) әрекеттескенде қанша көлем (қ.ж.) сутегі бөлінеді?
2.9. 15,5 г қарапайым екі атомды спирт алу үшін (реакция шығымы 50%) калий перманганаты ерітіндісі арқылы қандай және қанша көлем (қ.ж.) газ тәріздес органикалық затты өткізу керек?
2.10. 0,24 м3 этил спиртін (96%-ті, ρ=800 кг/м3) дегидрлеп, дегидратациялап шығымы 90% болатын бутадиеннің қанша массасын алады?
2.11. 2 г глицеринге натрий металымен әрекет етсе, максимал қанша көлем (қ.ж.) сутегі бөлінеді?
2.12. Органикалық А затын тотықтырып В затын, сосын С затын алады, бұл зат тағам (ас) дайындауда қолданылады. А заты натриймен әрекеттесіп, сутегін бөледі, бірақ натрий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттеспейді. Ал С заты натриймен де, натрий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттеседі. А заты қыздырған кезде концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесіп, қанықпаған Д қосылысын түзеді, бұл зат полимер өндірісінде қолданылады. Д затына хлормен әрекет етіп, майларды ерітетін бағалы еріткіш алуға болады, сонымен бірге басқа да еріткіштер (қандай?) алуға қолданылады. Осы айтылған барлық заттарды атап, реакция теңдеулерін жазу керек.
2.13. Органикалық А заты өзіне тән иісі бар түссіз сұйықтық. Натриймен, жеңіл әрекеттеседі, сонда түзілген заттың біреуі түссіз, иіссіз газ тәріздес жай зат В. А заты қыздырылған мыс (II) оксидімен әрекеттескенде, өткір иісті түссіз пластмасса өнірісінде көптеп қолданылатын С заты түзіледі С затының сулы ерітіндісі тері өндірісінде қолданылады. С затын реакция жағдайын өзгерте отырып органикалық қышқылға не А затына айналдыруға болады. Сонымен, А,В,С заттарын атау керек. Айтылған реакциялар теңдеулерін жазу керек.
2.14. 23 г этанолды концентрлі күкірт қышқылымен қыздырғанда екі органикалық қосылыс түзілген. Түзілген заттың біреуі (газтәріздес) 40 г 40%-төртхлорлы көміртек ерітіндісіндегі бромды түссіздендіреді. Ал екінші заты жеңіл оңай қайнайтын сұйық зат. Сонымен қандай заттар және қанша мөлшерде (массасы бойынша) түзілген. Этанол толық реакцияға түскен.
2.15. Мына өзерістерді іске асыратын реакция теңдеулерін жазу қажет:
a) С2Н4 → С2Н5Сl → C2H5OH → C2H5-O-CH3
б) СН4 → СН3Вr → СН3ОН → СН3-О-СН3
2.16. Мына заттарды атап, алу реакция теңдеулерін жазу керек: С2Н5-О-С2Н5; СН3-О-С2Н5
2.17. Мына спирттерді дегидратациялап жай эфирлер алу керек: а) пропил және изопропил спирттерін; б) 2-метилбутанол-2 спиртінің 2 молекуласын; в) пентанолдың 2 молекуласын. Алынған қосылыстардың аттарын атау қажет.
3. Алу әдістері
3.1. Мына этилен қатарының көмірсутектерін гидратациялап, спирт алу қажет: а) 2-метил-2-пентенді; б) 4-метил-2-пентенді. Алынған спирттердің аттарын атау керек.
3.2. Галогеналкилдерге а) 3-метил-1-хлорбутанға; б) 2,2-диметил-1-бромгексанға; в) 3,3-диметил-3-иодгептанға; д) иод-изопропанға сілтінің судағы ерітіндісін қосып, алынған спирттерді атау керек.
3.3. Мына гликолдерді а) 1,3-пропандиолді б) 2-метил-1,4-бутандиолды сәйкесінше галогентуындыларды гидролиздеп алу керек, реакция теңдеулерін жазу қажет.
3.4. Мына көмірсутектерден а) СН2=СН - СН2 - СН3; б) СН3 – СН=СН - СН3; в) СН3 - СН(СН3) – СН=СН2 гликолдерді алу реакция теңдеулерін жазу керек.
ОКСОҚОСЫЛЫСТАР. АЛЬДЕГИДТЕР МЕН КЕТОНДАР
Альдегидтер мен кетондардың құрылысы, изомериясы, атауы
Көмірсутек радикалдарымен байланысқан карбонил (-СОН) тобы бар органикалық заттарды альдегидтер немесе кетондар деп атайды. Альдегидтерде карбонил тобы сутек атомымен және көмірсутек радикалымен байланысады. Жалпы формуласы R – CОН – альдегидтер, R – CО– R- кетондар. Альдегидтер мен кетондар қаныққан, қанықпаған, ашық және тұйық тізбекті болып бөлінеді.
Қаныққан альдегидтер мен кетондар
Альдегидтерді жүйелік номенклатура бойынша атау үшін қаныққан көмірсутектердің атауына альдегидтер үшін «аль» деген жалғау, ол кетондар үшін «он» жалғауын қосу арқылы атайды.
|
құмырсқа альдегиді
формальдегид
метаналь
|
сірке альдегиді
ацетальдегид
этаналь
|
изовалериан альдегиді
3-метилбутаналь
|
Альдегидтердің изомериясы көміртегі атомдарының тізбегінің құрылысына байланысты, ал кетондардың изомериясы радикалдың құрылысына және карбонил тобының орнына байланысты атаулары:
СН3–СН2-СОН – метилэтаналь; СН3-СН2-СН(СН3)-СОН - 2-метилбутаналь; СН3–(СН3)2ССО–СН2–СН3 – 2,2-диметилпентанон-3; СН3–(СН3)2 С-СН2-СН2-СО–СН2–СН3 – 6,6 –диметилгептанон-3.
Химиялық қасиеттері
Альдегидтер мен кетондар көптеген химиялық реакцияға белсенді қатысады. Бұл карбонил тобындағы қос байланыстың біреуі σ- байланыс, ал екінші π- байланыс болғандықтан, электрон тығыздығы көміртек атомынан оттегі атомына қарай ығысып, поляризациялануынан болады. Сондықтан химиялық реакция кезінде карбонил тобы жоғарғы белсенділік көрсетеді. Олар қосып алу, алмасу, тотығу, полимерлену, конденсация реакцияларына қатысады.
1. Қосып алу реакциялары
а) Альдегидтер мен кетондар никель катализаторы қатысында сутегіні қосып алады. Бұл реакция бойынша альдегидтерден біріншілік спирт, ал кетондардан екіншілік спирт түзіледі.
пропаналь пропанол
ә) Альдегидтер аммиакпен әрекеттеседі, кетондар әрекеттеспейді
этилиденимин
Ол тез полимеризациаланады (циклденеді) альдегидаммиактар түзіледі.
б) Көгерткіш қышқылды (НСN) қосып алу. Оксинитрилдер түзіледі.
-оксипропион қышқылының нитрилы
-оксиизомай қышқылының нитрилы
в) Альдегидтер спирттерді қосып алып, жартылай ацетальдар түзіледі. Егер реакцияны хлорлы сутек қатысында қыздыру арқылы жүргізсе, толық ацеталь түзіледі.
жартылай ацеталь ацеталь
Ацетальдар жағымды эфир иісті, оларды минералды қышқылдар қатысында қыздырғанда (сілтілермен емес) гидролизге ұшырап, қайтадан спирттер мен альдегидтерді бөледі. Кетондар спирттермен киынырақ әрекеттеседі.
2. Тотығу реакциясы. Альдегидтер жеңіл тотығып, қышқылдар(көміртек скелеті өзгермейді) түзеді, ал кетондар қиын тотығады және екі қарапайым қышқылдар не қышқылдар мен кетон түзеді.Егер тотықтырғыш ретінде күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісін алып, альдегидпен әрекеттестірсе, бос күйінде күміс бөлінеді. Бұл реакцияны «күміс айна» реакциясы деп атайды және альдегидтерге сапалық реакция болып табылады.
СН3 – СНО + Ag2O → CH3 – COOH + 2Ag
сірке қышқылы
Кетондарды күшті тотықтырғыштармен әрекеттестіргенде, көміртегі тізбегі үзіліп, әр түрлі қышқылдар түзіледі, түзілген өнімдер бойынша кетондардың құрылысын анықтайды, кетондар екіншілік спирттер тотыққаннан түзілетіндіктен спирттердің де құрылысын анықтауға болады.
Альдегидтерге сонымен бірге фелинг сұйықтығымен реакция да тән. Фелинг сұйықтығы – сулы-сілтілі комплекс тұз – шарап қышқылының мыс гидроксиді мен натрий-калий тұзы.
3.Орын басу реакциялары. Орын басу реакциялары карбонил тобы арқылы жүреді.
а) альдегидтер гидроксиламинмен әрекеттесіп, оксимдер түзіледі. Бұл реакцияға кетондар да түседі.
альдоксим (ацетальдоксим)
ацетоноксим
б) альдегидтер гидразинмен әрекеттесіп, гидразондар түзеді.
4. Конденсациялану реакциясы. Бұл реакция әлсіз сілтінің қатысында, альдегидтің немесе кетонның екі - үш молекуласының қосылуы арқылы жүреді. Реакция нәтижесінде альдоль түзіледі. Альдоль деп, құрамында гидроксил және карбонил топтары бар қосылысты(альдегидоспирт) атайды. Сондықтан оларды альдольды конденсация дейді.
|
альдоль, 3-оксибутаналь
|
бутен-2-аль
|
5. Полимерлену реакциясы.Күкірт қышқылының аз мөлшерінің әсерінен тек альдегидтер полимерленеді. Кетондар полимерленбейді.
6. Канниццаро реакциясы. Концентрлі сілтілердің әсерінен α-сутегі атомы жоқ және альдольға димерленбейтін альдегидтер Канниццаро реакциясына түседі. Мұнда альдегидтердің жарты молекуласы қышқылға дейін тотығады, ал жарты молекуласы спиртке дейін тотықсызданады.
2С6Н5СНО + NaOH → C6H5COONa + C6H5CH2OH
бензальдегид натрий бензоаты бензил спирті
Альдегидтер мен кетондарды алу. Қолданылуы
Альдегидтер мен кетондарды алудың бірнеше ортақ әдістері бар.
1. Спирттерді тотықтырып не каталитикалық дегидрлеп: біріншілік спирттерден альдегидтерді, екіншілік спирттерден кетондарды алады. Бұл реакциялар спирттер тақырыбында қаралған.
2. Қышқылдардың не олардың қоспаларының буларын кей металдар оксидтері (ThO2, MnO2, CaO, ZnO) үстінен 400-450С температурада жіберіп пиролиз арқылы алады:
RCOOH + HCOOH RCHO + CO2 +H2O
2RCOOH RCOR + H2O + CO2
3. Геминальды дигалоген туындыларының гидролизі арқылы: (көмірсутектердің галоген туындылары тақырыбында қарастырылған) екі галоген де шеткі көмертек атомында орналасқан болса, альдегид түзіледі, ал ортадағы көміртек атомында болса – кетондар түзіледі:
-
Ацетилен және оның гомологтарын гидратациялағанда (сынап (ІІ) тұздары қатысында сірке альдегиді (Кучеров реакциясы) және кетондар түзіледі:
5. Техникада альдегидтерді СО және Н2 олефиндерге тура қосып алады (оксосинтез), қысым (100-200атм) кобальт не никель катализаторы қатысында
6. Карбон қышқылдары тұздарының термиялық айрылуы реакциясы. Құмырсқа және басқа карбон қышқылдары тұздарының қоспасын термиялық айырғанда альдегидтер алынса, ал басқа қоспалардан кетондар түзіледі:
|
кальций ацетоформиаты
|
этаналь
|
|
кальций ацетаты
|
пропанон
|
Құмырсқа альдегиді (формальдегид) НСОН - түссіз, өзіне тән өткір иісті газ, улы, тыныс жолдарына, көзге өте әсер етеді.Суда жақсы ериді. 40 пайызды ерітіндісі формалин деп аталады. Өндірісте фомальдегидті екі әдіспен алады: метанды толық емес тотықтырып және метанолды дегидрирлеп (650-700С температурада және күміс катализаторы қатысында). Формальдегидті аммиакпен қосып аздап қыздырса, алғаш рет А.М. Бутлеров синтездеген гексаметилтетраамин (уротропин) алынады.
6 НСОН + 4 NH3 6H2O + (CH2)6N4
Уротропин көп жағдайда фенолформальдегидті шайыр алу үшін, қопарылғыш заттар алу үшін, формальдегид полимері – параформ - құрғақ жанғыш зат алуға қолданылады. Сірке альдегиді - өткір иісті сұйық зат, өндірісте сірке қышқылын алуға қолданылыды.
Ацетальдегид полимерленіп паральдегид түзеді, ол синтетикалық каучук алуда қолданылады. Ацетон – түссіз, өзіне тән иісі бар сұйық зат. Суда және көптеген органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Еріткіш ретінде бояу өндірісінде, ацетат жібегін алуға, қопарылғыш зат алуға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |