13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата30.04.2024
өлшемі196.25 Kb.
#500143
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
13-27 тарих



13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы. 
1917 жылда Алаш партиясының қазақ зиялыларымен құрылып, 1920 жылда 
Кеңес үкіметі басқарып отырған партияның жұмысына тыйым салғанда 
таратылған. Автономияның мақсаты - Ресейден тәуелсіздік алып, ұлтшылды-
демократиялық мемлекетті құру. 
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ 
съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып 
Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан 
бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше 
автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал 
Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп 
санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан 
қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде 
қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 
1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау 
үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында 
табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас 
танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде 
өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. 
Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II 
съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» 
деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр таңбасы да мұрағаттардағы 
құжаттарда сақталып қалған. 
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылғы 5–13 желтоқсан аралығында Орынбор 
қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін 
жариялаған съез. 
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен 
кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі 
комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, 
С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы — 
Б.Құлманов. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет