№13 Үзіліссіз кездейсоқ шаманың үлестірім тығыздығы,математикалық күтімі,дисперсиясы,орта квадраттық ауытқуы



Дата11.05.2023
өлшемі14.63 Kb.
#473540
Үзіліссіз кездейсоқ шама


№13 Үзіліссіз кездейсоқ шаманың үлестірім тығыздығы,математикалық күтімі,дисперсиясы,орта квадраттық ауытқуы
Үзіліссіз кездейсоқ шаманы үлестірім функциясынан басқа жолмен де беруге болады. Оның басты сипаттамасы – ықтималдықтардың үлестірім тығыздығы.
Үзіліссіз кездейсоқ шаманың ықтималдықтарының үлестірім тығыздығы (жәй үлестірім тығыздығы немесе үлестірімнің дифференциалдық функциясы, белгіленуі  деп оның үлестірім функциясының туындысы айтылады, яғни . Үлестірім тығыздығының ықтималдық мағынасын анықтайық. Туындының анықтамасы бойынша
= | F(x) қасиеті | = 
қатынасы ( интервалындағы орта ықтималдықты білдіргендіктен,  функциясы нүктесіндегі және оның аймағындағы ықтималдықты сипаттайды.
Айта кетелік, үлестірімнің дифференциалдық функциясы, интегралдық функция сияқты үлестірім заңының бірі болады, бірақ интегралдық функция сияқты универсалды бола алмайды. Үлестірім тығыздығы тек үзіліссіз кездейсоқ шамалар үшін ғана анықталады.

Математикалық күтім


Х дискретті кездейсоқ шаманың математикалық үміті деп оның мүмкін мәндерінің олардың ықтималдықтарына көбейтіндісінің қосындысы айтылады (i=1,2,…,n). Белгіленуі M(x) немесе m(x)

мәндері шексіз жиын болғанда соңғы теңдіктің оң жағындағы қатар абсолютті жинақты болады.
Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімінің ықтималдық мағынасы: ол жуық шамамен көп тәжірибе нәтижесінде бақыланып отырған мәндердің арифметикалық ортасына тең (немесе сынақ сандары үлкейген сайын бақыланып отырған мәндердің арифметикалық ортасы математикалық күтімге жуықталады).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет