14-апта
27- дәріс. Кванттық физиканы және жарық кванттарын оқыту әдістемесі
Жоспар:
-Кванттық физика бөлімінің маңызы
-Кванттық физика бөлімін оқытудың маңызы
-Сыртқы фотоэффекті заңдарын оқыту әдістемесі
Кванттық механика микробөлшектердің қозғалысын және күшін сипаттайтын, микроэлементтің өзіне тән қасиеттерін және заңдылықтарын қарастыратын физикалық теория. Кванттық механиканың әдістері кванттық электроникада, қатты денелер физикасында және қазіргі кездегі химияда кең қолданыс тапқан. Сонымен, қатар оны атом ң құрылысын және элементар бөлшектердің қасиеттерін қарастыратын жоғарғы энергия физикасында кеңінен оқып үйренеді. Қатты дeнeлepдiң кванттық теориясынын жетістіктері негізінде алдын ала қасиеттері белгілі материалдардың (магнитик, шала өткізгіштік, асқын өткізгіштік, лазерлер, ядролық реакторлардың ) жасалуын еске түсірудің өзі жеткілікті.
Кванттық физика классикалық физикаға қарағанда танып білудің жоғарғы денгейі болып табылады. Ол көптеген классикалық көзқарастарға шектеу қойды, сондықтан да XXI ғасырда Meктептегi физика бөлімінде кванттық физиканың элементтepi оқытылуы керек. Әйтпесе мектеп оқушыларыньң физикадан аған білмдері XIX-XX ғасырдағы денгейде қалып кояды. Оқушылардың айналамыздағы әлемдегі заттардың құрылысы мен қасиеттеpi жайлы бiлiмi толық емес және қазіргi кезден түсінікке сәйкес келмейді.
Жалпы орта білім беретін мектептің жаңа бағдарламасында кванттық физика материалдарына назар аударылды. Онда екi такырыптың мазмұны жаңартылып “Кванттық физика” жеке бөлім болды. Атомның құрылысы және квант туралы түсінік сапалық деңгейде болса да, негізгі мектептің физика бөліміне енгізілді.
Фотоэффект кванттық теорияның, соның ішінде жарықтың кванттық теориясын жасауға негіз болған құбылыс. Сондықтан да кванттық физиканы оқытудың басында фотоэффект құбылысына көп көңіл бөлгенде негізгi мектепте “жылулық сәулеленеу” және фотоэффект заңдылықтарын қарастыра отырып жарық кванттары туралы ұғым енгізіледі.
Фотоэффект құбылысы және оның заңдары кванттық теорияның пайда болуынан бұрын эксперимент жүзгігенде тағайындалған.
Фотоэффект, оның заңдылықтары физиканың даму тарихында алатын орны ерекше. Фотоэффект құбылысын алғаш рет 1887 жылы неміс физигі Г.Герц (1857-1894 ж.ж.) кернеу көзіне қосылған электродтарға ультракүлгін сәулесін түсірсе, ол төменгі кернеуде де разрядталатынын байқлады, бірақ оны түсіндіре алмады.
Москва университетінің профессоры А.Г. Столетов (1839-1896 жж.) осы құбылысты тереңірек зерттеп, 1888 жылы заттың бетіне түсірген жарық көздерінен теpic зарядталған бөлшектердің ұшып шығуымен түсіндірді.
Фотоэффект құбылысын зерттеу жарықтың кванттық қасиеттерін ашып қойған жоқ, жалпы кванттық теорияны жасауға жол ашты.
28 дәріс. Атом құрылысын оқытып-үйрету әдістемесі
Жоспар:
-Атом құрылысын оқытып-үйрету әдістемесі
-Бор постулаттары
-Атомдық спектрлар
Атом құрылысы жайындағғы түсініктердің дамуы. Атом жөнінде толығырақ білім алу үшін, оны атомның құрылысынан бастаған жөн. XIX ғасырдың аяғына дейін көптеген зерттеулерге қарамастан атомның құрылысы жоба жөнінде қала берді.
Атом құрылысы жайындағғы түсініктердің дамуы. Атом жөнінде толығырақ білім алу үшін, оны атомның құрылысынан бастаған жөн. XIX ғасырдың аяғына дейін көптеген зерттеулерге қарамастан атомның құрылысы жоба жөнінде қала берді.
Ең алғаш рет эксперимент жүзінде атомның құрылысының күрделілігіменмен, атом мен электр зарядының арасындағы байланысты М.Фарадей электролизгс жүргізген зерттеулерің негізінде білуге болады. Ол мынандай қорытындыға келді: “Материянын атомдарында қандай да бip электрлік күштер бар немесе олар осындай керемет қасиеттермен байланысты”. Қорыта келгенде: “Егер атомдық теорияны оған сәйкес көрністі дұрыс деп қабылдасақ, онда кәдімгі химиялық әсеріне қарап денелердің атомдары табиғи жағдайда бip-бipiне эквивалент байланысқан саны бірдей электр зарядтарынан тұрады”- деді.
Радиактивтілік. Мектепте оқылатын физика курсындағы радиактивтілік құбылысын оқып үйрену жолдарын А.Беккерель, Мария және Пьер Кюри, Э. Резерфорд жүрзген эксперимемттердің нәтижесінде, бip химиялық элемент атомының өздігінен басқа бip элемент атомына айналуы, үлкен көлемде энергия бөлінyi және үш түрлі иондалған альфа, бетта және гамма-сәулелерінің шығуы болып табылады. Содан кейін радиактивті сәулелердің қасиеті және оларды тіркеу әдістері радиактивті ыдырау заңы қарастырылады.
Мұндай әдістеменің жалпы білім беретін мекгептерде физиканы оқытуда деңгейлері бірдей. Оның ең жақсы жағы түсініктілігі және фундаментальды эксперименттерге сүйенуі, ғылымның тарихи дамуындағы материалдардың кең қолданылуы, оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Гамма сэулс шыгару ксзждс заряд озгермсйдц ядронын массасы бодмашы аз озгсрсдь
Атомның құрылысы тақырыбын оқып-үйрснуді бекітуге төмендегі сұлбаны қолданып, жалпылау сабағын өткізуге болады.
Атом құрылысы:
Достарыңызбен бөлісу: |