№141 жалпы орта мектебі



Дата10.06.2022
өлшемі12.77 Kb.
#459126
Лагердің бұйрығы

№141 жалпы орта мектебі


Бұйрық №
23.05. 2017ж. Сарыағаш қаласы
«Мектепте оқушылардың жазғы сауықтыру алаңын ұйымдастыру туралы»
Сарыағаш аудандық білім бөлімі, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздығы № 345 «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 19 – бабының 3-4 тармақтарын назарға ала отырып, аудандық білім бөлімінің № 0411-80 12.05.2017ж бұйрығын негізге ала отырып, мектепте 2016 – 2017 оқу жылының жазғы демалысы уақытында оқушылардың сауықтыру алаңын ұйымдастырып, оқушылардың дүниетанымын, денсаулығын және өмірін қорғау, оқушыларды түрлі спорттық ойындар мен білім жарыстарына қатыстыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мектепте оқушылардың сауықтыру алаңы 1 маусым - 1 шілде 2017 жылға дейін мектеп жанындағы лагерь іске қосылсын. 2. Сынып жетекшілеріне сауықтыру алаңына қатысатын оқушылардың тізімін анықтау міндеттелсін. 3. Сынып жетекшілері сауықтыру алаңына тұл жетім, жартылай жетім және тұрмыс деңгейі төмен отбасы балаларының қамтылуын басты назарда ұстайтын болсын.
4. Сауықтыру алаңында атқаратын жұмыстар іс – шарасы түзілсін. 5. Сауықтыру алаңының бірінші және екінші және үшінші ауысымында тәрбиеші етіп бастауыш сынып мұғалімі Ж. Джамалова, мектеп психологы Ұ. Садырбаева, мектеп медбикесі Д. Эсанбаева М. Жауынбаеваға міндеттелсін. 6. Сауықтыру тобының бөлмесі анықталып, балалардың демалуына жағдай жасалсын. 7. Сауықтыру алаңы тәрбиешілері күнтізбелік жоспарларын түзіп, мектеп директорына бекіттіретін болсын. 8. Оқушылардың демалуына, түрлі ойындар ойнап дүниетанымын кеңейту, олардың өздеріне деген қамқорлықты сезіну жағына басты назар аударылсын. 9. Оқушылардың сауықтыру алаңында түрлі спорттық ойындар мен білімдік жарыстар ұйымдастыру және өткізу топ тәрбиешілеріне міндеттелсін.
10.Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілік тәрбиеші мұғалімдерге міндеттелсі.
11.Осы бұйрықтың орындалуы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Жауынбаеваға жүктелсін.
Негізі : Сарыағаш аудандық білім бөлімінің 12.05.2017 жылғы № 165 бұйрығы.
Мектеп директоры: Рысбаев С

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет