16. Изотоптар, изобарлар, изотондар, айналық ядролар. Нейтрон және протон. Нуклон



Дата14.12.2022
өлшемі1.79 Mb.
#467226
16,17


16. Изотоптар, изобарлар, изотондар, айналық ядролар. Нейтрон және протон. Нуклон.
Д. Д. Иваненко, В. Гейзенберг: Атом ядросы элементар бөлшектерден құрылады — протондар мен нейтрондардан (ядроның протон-нейтрондық моделі)
Протон (р) абсолют шамасымен электрон зарядына тең оң зарядқа және тыныштықтағы тр массасына ие бөлшек (тр =1,672610–27кг  1836 тe , мұнда тe —электронның массасы) Нейтрон (n) тыныштықтағы тп массасына ие бейтарап бөлшек (тп =1,674910–27кг 1839 тe ) Протондар мен нейтрондар нуклондар деп аталады (латынша nucleus — ядро). Атом ядросындағы нуклондардың жалпы саны массалық А саны деп аталады
17. Ядроның зарядтық саны, ядроның массалық саны. Антибөлшектер.
Атом ядросы Ze зарядымен сипатталынады, мұнда Z — ядроның зарядтық саны. Зарядтық сан ядродағы протондар санына тең және элементтердің Менделеев Периодтық жүйесінде химиялық элементтің реттік нөміріне сәйкестенеді. Ядро бейтарап атом сияқты символмен белгіленеді: , мұнда Х –химиялық элементтің символы, Z – атом нөмірі (ядродағы протондар саны), А – массалық сан (ядродағы нуклондар саны)
Ядроның протон-нейтрондық моделі Ядроның протон-электрондық құрылымы: массалық А саны ядродағы протондар санына тең, ал массалық сан мен электрондар санының айырымы зарядтық санға тең болуы керек + изотоп массалары мен зарядтардың мәндеріне сәйкестенеді, – ядролардың спиндер мен магнит моменттерінің мәндеріне, ядроның байланыс энергиясына ж.т.б. сәйкестенбейді – анықталмағандықтар қатысына үйлеспейді
Ядролардың массасы масс-спектрометрде анықталады. Мұнда әртүрлі меншікті Q/m зарядтары бар бөлшектердің шоқтары электр және магниттік өрістер көмегімен ажыратылады. Масс-спектрометрия арқылы ядроның массасы оны құрайтын нуклондар массаларының қосындысынан кем екендігі айқындалды. Массаның өзгеруі  энергияның өзгеруі  Ядро құрылғанда белгілі энергия шығарылуы тиіс Энергияның сақталу заңы: ядроны құрама бөлшектерге ажырату үшін, ядро құрылғанда шығарылатын энергия мөлшерін жұмсау керек. Ядроны бөлек нуклондарға ыдыратуға жұмсалатын энергия ядроның байланыс энергиясы деп аталады.
Антибөлшектер — массасы, спині, өмір сүру уақыты т.б. сипаттамалары олардың “егіз” бөлшектерінікіндей болып келген, ал электр заряды, магниттік моменті, бариондық заряды т.б. сияқты сипаттамаларының таңбасы оларға кері болып келетін бөлшектер. Абсолют бейтарап бөлшектерден басқа бөлшектердің барлығының А-і бар. Бөлшектер мен А-дің соқтығысуы кезінде аннигиляттану құбылысы байқалады.
16. 1. Жартылай ыдырау периоды 71.3 тәулік радиоактивті кобальттың қандай бөлігі 1 айдың ішінде ыдырайды? 2. Бастапқыда қозғалмайтын Li6 ядродан 7 МэВ кинетикалық энергиясы бар альфабөлшегі серпімді шашырайды. Шашырау бұрышы 60 болғанда, серпімді ядроның кинетикалық энергиясын анықтаңыз.


17. 1. Жартылай ыдырау периоды 15 сағатқа тең Na24 радионуклидінің 1 мг мөлшері 1 сағатта қанша бетабөлшектерді шығарады? 2. Бастапқыда қозғалмайтын дейтеронға нейтрон серпімді соғады. а) мамаңлайлық соқтығысу мен б) тік бұрышта шашырағандағы нейтронның жоғалтқан энергиясының бөлігін табыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет