1960 жылдан бастап іргесін қалаған киелі білім ордасы



Дата15.02.2024
өлшемі13.25 Kb.
#491805
Мурат аға

1960 жылдан бастап іргесін қалаған киелі білім ордасы


«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
1983 жылдан бері 41 жыл бойы аянбай еңбек етіп келе
жатқан білімді де білікті ұстазымыз Жумадилов Габдымурат
Казесханович зейнеттік жасқа да келіп жетіпті.
Осы жылдар бойы жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу
жолында Габдымурат Казесханович өзінің
жаңашылдығымен, жаңашырлығымен, адамгершілігімен
жұмыс атқарып, еңбегін сіңіріп, талай шәкірт тәрбиелеп
шығарды.
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - ұлы Абай бабамыз айтпақшы, Габдымурат Казесханович, сіз жас ұрпақтың санасына еңгізген тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Жастардың болашағын айқындап, кешегі еккен дәндеріңіз бүгінгі жеңісті-жемісті күніңіз болмақ.
Құрметті Габдымурат Казесханович! Зейнеткерлік демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында ардақты ата деген атты иеленіп жүре беріңіз. Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын.
Әріптестер жиналып бүгін бірге,
Бар жақсыны тілейміз сізге бүгін.
Пейнетіңіз зейнетін берді міне,
Лүпілдетіп соққызып жүрек үнін.

Зейнеткерлік жасыңыз құтты болсын,
Ұлағатты ұстазымыз ақ жүректі.
«Амандықта, саулықта болыңыз» деп,
Шын жүректен арнаймыз ақ тілекті.

Зейнет жастың сезініңіз бар бақытын,
Гүл көктемдей ұстазым жайнап жаның.
Немерелер ортасында шаттаныңыз,
Жандүниені тербелеп, шырқап әнін.
Ізгі ниетпен: «Үржар колледжі» КММ ұжымы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет