2 – Тапсырма Тақырыбы: Елді-мекеннің даму жолдары



Дата11.10.2023
өлшемі71.44 Kb.
#480416
Кайнар


Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Зерттеу Университеті КеАҚ
Кадастр кафедрасы
Факультет: ЖРБСжД
2 – Тапсырма
Тақырыбы: Елді-мекеннің даму жолдары
04-075-22-06
Тексерген: Кульмаганбетова А.С.
Орындаған: Тұрғаналиев Қайнар

Астана 2023 ж


Батыс Қазақстан облысы туралы ақпарат
Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы облысы. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Облыс 1932 ж. 10 наурызда Батыс Қазақстан облысы болып құрылған. 1962 жылы Орал облысы болып өзгертілген. 1992 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 646 828 адам (2018) [1].


Кесте 1 - Батыс Қазақстан облысы


Көрсеткіш

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Халық саны, мың

661,3

665,9

688,1

Инфляция, жыл соңындағы пайыз

107,2

108,5

120,2

Жұмыспен қамтылған халық саны, мың адам

321,02



322,2



330,9



Жылжымайтын мүлік, шаршы метр

529 050

505 393

621 487



Сурет 1 – Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020-2022 жылдар аралығындағы халық саны


Ескерту: Сурет [2] дереккөзінен алынған
Түсініктеме: Бұл диаграммада біз Батыс Қазақстан облысының 2020, 2021, 2022 жылдарындағы халық санын көреміз. Диаграммадан көріп тұрғандай 2021 жылғы халық саны 2020 жылғы санға қарағанда 0,69 %-ға өссе, 2022 жылы ол сан 3,3 %-ға жеткен.


Сурет 2 – Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020-2022 жылдар аралығындағы инфляция көрсеткіші
Ескерту: Сурет [2] дереккөзінен алынған

Түсініктеме: Бұл диаграммада Батыс Қазақстан облысының 2020, 2021, 2022 жылдарындағы инфляция көрсеткіштері көрсетілген. Инфляцияның ең улкен өсу көрсеткіші 2022 жылы байқалды (120,2%).





Сурет 3 – Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020-2022 жылдар аралығындағы жұмыспен қамтылған халық саны
Ескерту: Сурет [2] дереккөзінен алынған
Түсініктеме: Бұл диаграммада Батыс Қазақстан облысының 2020, 2021, 2022 жылдарындағы жұмыспен қамтылған халық саны көрсетілген. Көріп тұрғандай халықтың ең көп жұмыспен қамтылған мерзімі 2022 жылға тән.

Сурет 4 – Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020-2022 жылдар аралығындағы жылжымайтын мүлік ауданы
Ескерту: Сурет [2] дереккөзінен алынған
Түсініктеме: Бұл диаграммада Батыс Қазақстан облысының 2020, 2021, 2022 жылдарындағы жылжымайтын мүлік ауданы көрсетілген. Жылжымайтын мүліктің ауданы бойынша жетекші уақыт 2022 жыл болып табылады (621 487 шаршы метр).


Қорытынды
Бұл жұмысты жүргізу кезінде Батыс Қазақстан облысының елді-мекенінің даму жолдарына әсер ететін факторлардың 2020, 2021, 2022 жылдарындағы көрсеткіштері кестеде көрсетілді. Сонымен қатар бұл көрсеткіштер өздерінің категориялары бойынша бөлек диаграммаларға енгізілді. Қорытындылай келе Батыс Қазақстан облысындағы елді-мекеннің дамуындағы көрсеткіштер өзге аудандарға қарағанда аз екенін көре аламыз. Алайда бұл көрсеткіш Батыс Қазақстан облысының халық санына шаққанда өзге аудандармен шамалас түрде орында деп айта аламыз.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Батыс Қазақстан облысы туралы ақпарат: https://kk.wikipedia.org/wikihttps://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B

  2. Кестедегі барлық сандық ақпарат: https://stat.gov.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет