2. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл


Зат есімдер сөзжасамын синтетикалық



бет5/8
Дата05.09.2024
өлшемі30.42 Kb.
#503372
1   2   3   4   5   6   7   8
Документ (29) (копия)

8.Зат есімдер сөзжасамын синтетикалық, аналитикалық және субстантивация тәсілдері құрайды. Осы жасалу тәсілдеріне қарай оларды негізгі үш түрге бөліп қарауға болады.
МысалыСинтетикалық тәсіл –
ол туынды зат есімдерді жасайды.
Аналитикалық тәсіл –
Күрделі зат есімдерді жасайды.

Субстантивация тәсілі – субстансивті зат есімдерді жасайды.


Демек, зат есімдердің құрылымдық сипаты мен олардың жасалу тәсіддері арасында өзара тәуелділік, өзара шарттылық бар. Бұдан да нақтылай түссек: зат есімдердің негізгі құрылымдық типтері олардың жасалу тәсілдерін (немесе жасалу тәсілдері олардың құрылымдық типтерін) анықтайды, белгілейді. Яғни зат есімдер сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық және субстантивация тәсілдері бар деп жай санамалап шығудың сыртында олардың құрылымдық типтері (туынды зат есімдер; күрделі зат есімдер, субстансивті зат есімдер) туралы да түсінік жатады, яғни оның (зат есімдер сөзжасамының) осы бір объективтік сипаты ойда тұрады. Бұл жерде бір ескерте кететін нәрсе: субстансивті зат есімдер өзінің құрылымы жөнінен түбір де, туынды да, күрделі де болып келеді.
9.Сын есім сөзжасамы
Сын есім — заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары: қандай? Қай?
Бұл айтылғандар – сын есімнің мағыналық жағы.
Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі сын есімдерге – түбір сын есім жатады. Түбір сын есмі жұрнақсыз, басқа сөздермен бірікпей, қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрып-ақ сындық мағына береді. Мысалы, көк,сары, кең, жылы, терең, таза, алыс.
Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады. Мысалы, 1. Көкпеңбек еріндері қимылдайды. 2. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар. 3.Ақ, сары, қара, ала көк, ауыз жолды, көп балалы, жібек көйлекті.
Дара және күрделі сын есімдер
Дара сын есімдер – құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр т.б.
Күрделі сын есімдер – тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі,яғни ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіруі қажет.Мысал сөздер: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.
Күрделі сынның жасалу жолдары:
Сапа сындарының бір-бірімен тіркесуі арқылы күрделі сын жасалады: қызыл ала,қоңыр күрең,қара сұр, қара көк , көк алат.б.
Сапалық сыны мен қатыстықсынның тіркесуі арқылы жасалады: қалың қамысты (көл), ақ қанатты (құстар), кең маңдайлы көк көйлекті (қыздар) т. Б.
Есім сөз бен қатыстық сын есімнің тіркесіарқылы жасалады: түлкі тымақты (кісі), қос ішекті (домбыра), былғары етікті (жігіт), қасқыр ішікті (азамат) т б.
Қатыстық сын менқатыстық сынның тіркесі арқылыкүрделі сын есім жасалады: қазақы мінезді (жігіт), толықша денелі (әйел), сәнді киімді (қыз), өткір көзді (жігіт), сапалы білімді (азамат) т. Б.
5.Сын есімдердің қосарлануы арқылы күрделі сын есім жасалады: үлкен-үлкен, жақсылы- жаманды, үлкен-кіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет