5 дәріс
2 АСИНХРОНДЫ МАШИНАЛАР
Асинхронды қозғалтқыштар айнымалы тоқ электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру үшін қолданылады және қазіргі кезде халық шаруашылығында негізгі, кең тараған, сенімді механикалық энергия көзі болып табылады.
2.1 сурет - Асинхронды қозғалтқыштың құрылымы
2.1 суретте қысқа тұйықталған роторлы үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың құрылымы схемалы түрде көрсетілген. Асинхронды қозғалтқыш статордан (1) және подшипникте айналатын ротордан (2) тұрады.
Машинаның статорын штампталған электротехникалық болат парақтардан жинайды. Оның ішкі құраушысына паздар ойылып жасалады. Пакет жиналғаннан кейін бұл паздар статор орамасының сымдарын жатқызатын арналарды құрайды. Статордың үш фазалы орамасын (3) катушкалар түрінде жасайды. (2.1 суретте әрбір фаза бір катушкадан тұрады).
Асинхронды машинаның роторын да штампталған электротехникалық болат парақтардан жинайды. Электротехникалық болат парақтар подшипникті қалқанға кіріп тұратын білікке (4) престелед. Қысқа тұйықталған қозғалтқыштарда ротор орамасы (5) «тиін торы» түрінде орындалады. Мыс немесе алюминий стерженьдер ротор өзекшесінің паздарында орналасады. Стерженьдердің ұшы екі жақ жанынан тұйықтаушы сақиналарға қосылады. Мұндай ораманың шығыстары жоқ, ол өзді-өзінен тұйықталған (қысқа тұйықталған). Әдетте мұндай ораманы ротор паздарына балқыған алюминийді құйып дайындайды.
Асинхронды машинаның әрекет ету приципті магнит өрісі мен тоғы бар өткізгіштің өзара әрекетіне негізделген.
Үш фазалы қозғалтқыштың статор орамасын желіге қосқан кезде орамалармен үш фазалы тоқ жүйесі жүреді. Бұл тоқтар n1 (айн/мин) жиілікпен айналатын магнит өрісін қоздырады.
, (2.1)
мұндағы f – желідегі кернеу жиілігі, (Гц)
p – асинхронды машинаның полюс жұптарының саны.
Статор орамасының айнымалы магнит өрісі электромагниттік индукция құбылысына сәйкес ротор орамасы өткізгішінде Е2 э.қ.к.-ін индукциялайды. Соның әсерінен қысқа тұйықталған контурларда I2 тоқ пайда болады. Ротор орамасының тоқтары айнымалы магнит өрісімен өзара әрекеттеседі. Оны роторға әрекет ететін электр магнитті күштің пайда болуынан көреміз. Электр магнитті күш әсерінен ротор статор орамасының магнит өрісінің айналу бағытында үдемелі түрде айнала бастайды. Электр магнитті айналдырушы момент М мен тежегіш момент (кедергі моменті) Мк теңелгеннен кейін ротор тұрақты жиілікпен айналады.
Қозғалтқыштың электр магнитті айналдырушы моменті ротор орамасы тоқтары салдарынан туындайтындықтан:
, (2.2)
мұндағы См – тұрақты коэффицент,
Фп – бір полюстер жұбының айналмалы магнит өрісінің магнит ағыны,
ψ2 – ротор орамасы э.қ.к. Е2 мен I2 тоқ арасындағы фазалар ығысуы.
Ендеше, момент ротор орамасында Е2 э.қ.к-і индукцияланып I2 тоқ жүріп тұрса ғана бар болатыны анық. Ал ол ротор мен магнит өрісінің айналу жылдамдықтары әртүрлі болған кезде ғана мүмкін, ендеше асинхронды қозғалтқыш роторының айналу жылдамдығы магнит өрісінің айналу жылдамдығынан әрдайым кіші болады.
Магнит өрісі мен ротордың айналу жиіліктері айырымының магнит өрісінің айналу жиілігіне қатынасы сырғу (скольжение) деп аталады:
, (2.3)
Ротор қозғалмай тұрғанда (n2 = 0) сырғу S = 1; бос жүріс режимінде, n2 → n1 кезде, S0 = 0,01…0,005; жүктеме номинал болғанда Sном = 0,04…0,05.
Асинхронды қозғалтқыштың электр магниттік моменті сырғуға тәуелді. (5.2) формуланы мына түрде келтіруге болады:
, (2.4)
мұндағы Mmax – максимал момент,
Достарыңызбен бөлісу: |