2 дәріс. Магмалық тау жыныстары магма балқымасының суынуы және қатаюы нәтижесінде қалыптасды. Оларды, өздерінің жаралу тегіне орай, екі түрге бөлуге болады


Магмалық таужыныстардың минералдары



бет2/2
Дата17.05.2024
өлшемі58.5 Kb.
#501343
1   2
2 дәріс. магмалық тау жыныстар[1](1) (1)

Магмалық таужыныстардың минералдары

Магмалық жыныстарды құратын минералдар шығу тегіне қарай бастапқы және туында болып бөлінеді. Бастапқы деп - магманың кристалдану процесінде пайда боллған минералдарды айтады. Туынды минералдар пневматолит-гидротермалық ерітінділердің әсерімен бастапқы минералдың өзгеруәнен пайда болады. Магмалық жыныстарда туынды минералдар көп болмайды. Олар белгілі бір бастапқы минералдар бойынша жіктіледі. Қатты өзгерген жыныстарда олардың бастапқы құрамын туынды минералдар бойыншаанықтайды.


Бастапқы минералдар тау жыныстағы рөлі бойынша басты, қосымша және акцессор болып бөлінеді. Басты минералдар тау жыныстың негізін қалайды (үлесі 5% артық болады). Тау жыныстың атауы осы бастыминералдарға байланысты. Қосымша минералдар тау жыныста аз 5% аспайды. Олар тау жыныстың атына әсер етпейді.
Басты және қосымша минералдар химиялық құрамына қарай фемалық (құрамында негізгі элементтер темір мен магний болады) пен сиалдық қа(құрамында кремний мен алюминийболады) бөлінеді.
Акцессор минералдар (үлесі 1% аспайды) тау жыныстарда өте сирек кездеседі және ұсақ түйірлерді құрайды.
Фемалық минералдарға оливин, серпентин,тальк. Пироксендер, диопсид. Амфиболдар, слюдалар, хлориттер жатады. Сиалдық минералдарға кварц, фельдшпатоидтар (лейцит, нефелин), плагиоклаздар, калишпаттар (ортоклаз, микроклин, санидин) жатады. Акцессор минералдарға магнетит, гематит, хромит, пирит, апатит, циркон, сфен жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет