2 дәріс. МАГМАЛЫҚ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ
Магмалық тау жыныстары магма балқымасының суынуы және қатаюы нәтижесінде қалыптасды. Оларды, өздерінің жаралу тегіне орай, екі түрге бөлуге болады. Магмалар жер бетіне яки су түбіне жетпей- ақ, жер қойнауының біршама тереңдіктері деңгейінде қатайып кристалданған жағдайда интрузиялық, немесе плутондық магмалық жыныстар қалыптасады. Магмалар жер бетіне яки су түбіне жетіп, жанартаулар көмейінен лақылдай төгілген ыстық лавалардың тез суынып қатаюы жүзеге асқан жағдайда интрузиялық, немесе плутондық магмалық жыныстар қалыптасады.
Магмалар жер бетіне яки су түбіне жетіп, жанартаулар көмейінен лақылдай төгілген ыстық лавалардың тез сынып қатаюы жүзеге асқан жаңғдайда эффузиялық, немесе ақтарылма магмалық жыныстар түзіледі. Жанартаулар әрекеті кезінде аспанға атылған кесектер мен күлдері «пирокласты материалдар» деп атайды, бұлардың жер бетіне қайтадан бүркемелеуі нәтижесінде туфтар деп аталатын арнаулы тау жыныстары қалыптасады. Ал жанартау көмейінен сығымдала көтерілген, бірақ жанартау баурайларына қарай ағып кете алмайтын өте қою да тұтқыр лавалар есебінен экструзиялық тау жыныстары түзіледі. Экструзиялық денелер өздерінің сырт пішіндері тұрғысынан мейілінше әсерлі болып келеді, оларға көбінесе кәдімгі діңгек тұрқылас немесе баған пішіндес көріністер тән. Жанартаулар әрекеті нәтижесінде қалыптасқан магмалық тау жыныстарының бүкіл кешенін кейде «жанартаутекті жыныстар» деген жалпылама атаумен өрнектейді.
Инрузиялық және эффузиялық жыныстардың бір –бірінен басты айырмашылығы олардың құрылымдарында. Интрузиялық жыныстарға тек қана толық кристалды құрылымдар тән, себебі магмалардың жер бетіне яки су түбіне жетпей жатып- ақ яғни жер қойнауының біршама терең өңірлерінде қатаюы олардың ұзақ уақыт бойына бірте- бірте суына отырып кристалдануына мүмкіндік берген. Эффузиялық жыныстарда толық кристалды құрылым мүлдем кездеспейді десе де болады, оларға көбінесе жасырын кристалды, шыны тектес, сеппелі, бадамдасты қүрылымдар тән. Мұның себебі лавалардың жер бетіне яки су түбіне жетіп төгілуіне байланысты олардың біршама тез қатаюында, сөйтіп толық кристалдануына уақытша тапшылық етуінде.
Магмалық тау жыныстарының көпшілігіне шомбал нақыш тән. Эффузиялық жыныстарда сирегірек кеуекті, көпшілікті және ақпалы нақыштар да ұшырасуы мүмкін. Бірақ магмалық жыныстарда қат- қабатты немесе жік- жапсарлы нақыштар мүлдем ұшырыспайды,сондықтан бұл сипаты олар шөгінді және метаморфтық жыныстардан анық ерекшеленеді.
Магмалардың жер бетінде және жер қойнауларында қатаю процестердің химиялық- физикалық жаөдайлары әр түрлі. Осыған байланысты құрамы жағынан тектес магмалар есебінен әр түрлі тау жыныстары қалыптасады, яғни әрбір интрузиялық жыныстың минералдық құрамы жағынан өзіне тура сәйкес келетін балама эффузиялық жынысы болады, бұл баламалар бір- бірінен тек қана құрылымы, сирегірек нақышы жағынан ғана өзгешеленеді.
Магмалық тау жыныстары қалыптасу жағдайына ғана емес, химиялық құрамына, дәлірек айтқанда, кремний қостотығының мөлшеріне байланысты да әр түрлі топтарға жіктеледі. Бұл көрсеткішіне байланысты магмалық жыныстар төрт түрге бөлінеді, олар – асанегізді, негізді орташа қүрамды және қышқыл магмалық жыныстар
Асанегізді магмалық жыныстардағы кремний қостотығының мөлшері 45 ٪- тен аспайды.Олар негізінен алғанда темір мен магнийдің тотықтарынан тұрады. Бұл тау жыныстары көбінесе қоңырқай реңдері иемденеді, олардың қара – қошқыл, қою қоңыр, қою жасыл немесе қою көкшіл түсті түрлері жиі ұшырасады. Олар барынша салмақты шымыр болып келеді, бұлардың тығыздығы 3,3 – 3,0 г/см3 аралығында. Асанегізді жыныстардың қатарына жататындар дуниттер, пироксениттер, перидотиттер т.с.с Жоғарғы мантияның литосфералық мантиясын кейде перидотитті қабат деп атайтындығын біз жоғарыда атап өткенбіз. Ендеше, өзінің тығыздығы жағынан асанегізді жыныстар жоғарғы мантия деңгейіне, яғни литосфералық мантияға сәйкес келетін болғаны. Алайда аса негізді жыныстар жер бетінде де біршама жиі ұшырасып отырады. Жоғарыда аталған асанегізді жыныстардың барлығы да итрузиялықжыныстарға жатады. Эффузиялық асанегізді жыныстар өте сирек ұшырасады, тіпті болмайды десе де болады. Негізгі магмалық жыныстардың құрамындағы кремний қостотығының мөлшері 45 – 55 ٪ аралығында.Бұл тау жыныстарының да түстері көбінесе қоңырқай болып келеді. Бұлар да біршамажыныстар, бірақ тығыздығы асанегізді жыныстарға қарағанда төменірек 2,9 – 3,0 г/см3. Негізді интрузиялық жыныстардың өкілдері габбролар мен диабаздар, олардың эффузиялық баламалары бұрындық сөз болған базальттар. Орташа құрамды магмалық жыныстардағы кремний қостотығының мөлшері 55- 65 аралығында. Бұларға әдетте бозғылт немесе ашық қоңыр реңдер тән болып келеді. Бұл тау жыныстары біршама жеңіл, олардың тығыздық көрсеткіші 2,7 – 2,9 г/см3 аралығында. Бұл топтың жер қыртысында жиі кездесетін интрузиялық өкілдері диориттер мен трахиттер. Қышқыл магмалық жыныстардың құрамында 65٪ - тен астам кремний қостотығы болады. Бұл тау жынытары әдетте ашық реңді болып келеді, оларға бозғылт, ашық сұрғылт және әр түрлі реңдегі қызғылт түстер тән. Бұлар магмалық жыныстардың ішінддегі ең жеңілдері, тығыздыңы 2,6 – 2,7 г/см3. Магмалық жыныстардың бүл тобы жер қыртысында өте жиі ұшырасады. Бұлардың интрузиялық өкілдері – граниттер мен гранодиориттер, эффузиялық баламалары – риолиттер мен кварцты порфирдер.
Достарыңызбен бөлісу: |