2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады



Дата04.02.2022
өлшемі18.93 Kb.
#455120
Государственный контроль за использованием и охраной земель


2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану – жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай төмендеуіне жол берілмеуін, қажетті өнімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында жерлерді оңтайлы пайдалануды қамтитын жер ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуі;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тозуы – жердің табиғи-шаруашылық маңызының төмендеуіне әкеп соғатын табиғи және антропогендік әсер ету нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің қасиеттерінің нашарлауы;

4) ауыспалы егіс – белгілі бір жер учаскесінде уақытымен ауыл шаруашылығы дақылдарын ғылыми негізделген кезектестіріп егу;

7) жайылым айналымы – Жайылымдарды басқару және оларды пайалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жай-күйде ұстап тұру үшін оларды кезең-кезеңімен және бірізді пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі;

9) жайылымдарды ұтымды пайдалану – жайылымдардың азықтық ресурстарын олардың экологиялық ерекшеліктерін ескеріп және табиғатты қорғау нормаларын (жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілген нормасын қоса алғанда) сақтай отырып, қалыпты жай-күйі мен өсімінің молаюы сақталатындай жағдайда пайдалану;

14) танап – ормансыз, аумағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын, көбінесе жеткілікті дәрежеде тегіс кең жер учаскесі;

17) топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуі – соңғы екі агрохимиялық және (немесе) агромелиорациялық зерттеп-қарау нәтижелерін салыстыру кезінде белгіленген топырақ құнарлылығы көрсеткіштерінің төмендеуі.

4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану:

1) жерлердің құнарлылығын ұстап тұруды және арттыруды (егістіктің жыртылған қабатындағы жалпы қарашірік құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің белгілі бір деңгейі);

2) танаптар/жайылымдар тарихының кітабын қалыптастыруды;

3) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының белгілі бір өнімділік деңгейін ұстап тұруды және арттыруды;

4) жайылым айналымдары мен су пайдалану көздерін ескере отырып ауыспалы егістерді сақтауды/жайылымдарды пайдалануды;

5) топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды және жақсартуды;

6) мал шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде жайылымға түсетін оңтайлы жүктемені қамтамасыз етуді;

7) ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерлерге арамшөп пен ағаш-бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстауына жол бермеуді;

8) ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалған қалдықтар мен жанама өнімдерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.

5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерінде мынадай құжаттардың болуы қажет:

      1) "Егінге себу қорытындылары туралы есеп", "Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы", "Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп" жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер;

      2) Ауыспалы егістер жоспары (жерлерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланған кезде);

      3) Жайылым айналымы жоспары (жайылымдарды пайдаланған кезде).

9. Мынадай көрсеткіштер бойынша топырақ құнарлылығын айтарлықтай төмендетуге жол берілмейді:

1) егістіктің жыртылған қабатындағы (0-20 см) жалпы қарашірік құрамының бес пайыздан артық, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген құрамының жиырма пайыздан артық төмендеуі;

2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қарашірікпен және қоректік элементтермен қамтамасыз етілу көрсеткіштері өте төмен және төмен жер алаңдарының он пайыздан артық ұлғаюы;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пестицидтермен және минералды тыңайтқыштармен шекті рұқсат етілген концентрациялардан жоғары ластануы;

4) эрозия нәтижесінде жоғарғы қарашірік қабаты қуатының 5 сантиметрден артық азаюы;

5) топырақтың 30 сантиметрге дейінгі қабатындағы уытты тұздар жиынтығының ұлғаюы:

хлоридтердің 0,4 пайыздан артық;

сульфаттардың 0,8 пайыздан артық;

топырақта сортаңданудың 5 пайыздан артық жоғарылауы.

6) арамшөптердің (рұқсат етілген экономикалық зияндылық шегінен жоғары арамшөптер мөлшері) не карантиндік өсімдіктердің өсуі салдарынан жер учаскесінің ауыл шаруашылығында пайдаланудан шығып қалуы.

    

10. Ауыл шаруашылығы өндірушісі ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін облыстың тиісті ауданы бойынша орта деңгейде, бірақ орташа аудандық көрсеткіштен сексен бес пайыздан азайтпай ұстап тұрады.



    

11. Ауыл шаруашылығы өндірушісі мал шаруашылығы мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланғанда ауыл шаруашылығы жануарларының:



1) Жүктеме нормасынан кемінде жиырма пайыз;

2) Жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет